Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

59 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері ■■ Тоғыспалы жанасу. Бір дыбыстың екінші дыбысқа еруі , тоғыспалыжанасу кейде ауысумен өзара алмасып қолданылады. Бірақ тоғыспалы жанасу – бір дыбыс үдеп, екіншісі саябырсыған кезде дыбыстардың өзара түйісуі болса, ал ауысу – бір дыбыстың екіншісіне ілесіп кетуі. Төмендегі мысалда телефон қоңырауы бір немесе екі секундқа музыкамен араласып кетеді, артынан музыка саябырсып, тек телефон қоңырауы қалады. МУЗЫКА: БАСТАЛАДЫ, ҮДЕЙДІ, БЕС СЕКУНДҚА СОЗЫЛАДЫ. МУЗЫКА ШЫРЫЛДАҒАН ТЕЛЕФОН ҚОҢЫРАУЫМЕН ТОҒЫСЫП ЖАНАСАДЫ. ДИКТОР: Енді назарларыңызды Таймс-скверге аударамыз, онда Том Рожерс өзінің Probing Microphone -імен дайын тұр. (ДЫБЫСТЫ ТАЙМС-СКВЕРДЕГІ РОЖЕРСКЕ КҮРТ АУЫСТЫРУ). РОЖЕРС: Қайырлы күн! Алғашқы төрт сұхбатымызды осында өткізген едік ... ■■ ҚОСПА. Қоспа дегеніміз – екі немесе одан көп дыбыстың бірігіп, эфирге жағаласып шығуы. Қоспа диалог пен музыканың, диалог пен саунд эффектілердің немесе саунд эффектілері мен музыканың, немесе осы үшеуінің бірігуін қамтиды. Бокалдардың сыңғыры, арттағы дауыстар және музыка – әлгі айтқан үш нәрсенің қосындысы. ■■ Кесу немесе ауыстыру. Кесу немесе ауыстыру, яғни бір дыбысты күрт ауыстырып, екіншісінің дереу кірігуі (бұл «күрт үзіліс» деп те аталады) кейде арнайы эффекті үшін пайдаланылады. Кесу жай ғана бір микрофоннан екіншісіне немесе басқа дыбыс көзіне күрт өзгеруді білдіреді. Пультке қатысты да қолданылады. ■■ Дыбыс үдейді, сосын саябырсиды. Дауысты күшейту немесе бәсеңдету – диалогта музыканы бәсеңдету үшін, сондай-ақ музыканы бағдарламаға қосу немесе бағдарламадан алу үшін жиі қолданылатын қарапайым операция. Музыка басталады, үдейді (дыбыс жоғарылайды), бәсеңдейді (дыбыс төмендейді) немесе аяқталады. Төмендегі мысал дижей жүргізетін шоудағы музыканың қалай үдеп, қалай саябырситынын көрсетеді. МУЗЫКА: МАҚАМ: «СЕН МЕНІҢ РЭПЕРІМЕ РЭП ОҚЫДЫҢ». МУЗЫКА БАСТАЛАДЫ, ҮДЕЙДІ ЖӘНЕ БӘСЕҢДЕЙДІ. ДИКТОР: Рэпер Роберттің Рэп репертуарына қош келдіңіздер! МУЗЫКА: МАҚАМ ҮДЕЙДІ, БЕС СЕКУНДҚА СОЗЫЛАДЫ, БӘСЕҢДЕЙДІ, АРТЫНАН САЯБЫРСИДЫ. ДИКТОР: Рэпер Роберт келесі бір сағат көлемінде тікелей топ-чарттан тарту жасауға дайын. Тізім басында тұрған Китчен Синк (Kitchen Sink) және оның су жаңа хит әнімен бастаймыз...

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==