Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
2-ТАРАУ 58 шамадан артық, асыра пайдаланылмағаны жөн. Мұндайда көпке таныс компо- зицияларды айналып өткен абзал, өйткені олар аудиторияны таныс әуезімен басқа арнаға бұруы мүмкін. Музыканы негізгі мазмұн, жанама фон яки эффект ретінде сценарийге қосқы- ңыз келсе, ойыңызды продюсермен бөлісіп, кеңесуді ұмытпаңыз. Авторлық құ- қық иесінің рұқсатынсыз кез келген музыканы өз бетінше пайдалануға болмай- ды. Продюсерге ASCAP (American Society of Composers, Authors and Publishers – Америкалық композиторлар, авторлар және баспагерлер қоғамы) немесе BMI- мен (Broadcast Music Incorporated) пайдалану құқығы жайында келіссөз жүргі- зуге тура келеді. Егер музыканы телеарна немесе радиостанция пайдаланса, осы ұйымдар мен NAB (National Association of Broadcasters – Ұлттық хабар таратушы- лар қауымдастығы) арасындағы келісімде қамтылған болуы керек. Дыбыс, музыкалық әдістер мен терминдер Музыка мен дыбысты өңдейтін әдістерді белгілеу үшін автор бірнеше басты терминді пайдаланады. Бұл әдістер басқару тақтасында қолданылады. ■■ Ауысу. Ауысу ( seg-way ) – бір дыбыстан екіншісіне бірқалыпты өту. Бұл, әсіресе музыкалық сандар арасындағы өткелге қатысты бір сан бәсеңдеп, екіншісі үдей бастағанда қолданылады. Ауысу драмалық эпизодтарда, сондай-ақ музыкада қолданылады, бірақ алдыңғысында дыбыстардың қабаттасуы ауысудан ( segue ) гөрі тоғыспалы жанасуға ( cross-fade ) айналады. ДИКТОР: Бағдарламамызды Ромео мен Жульетта туралы мәшһүр музыкалық композициялардың үзінділерімен жалғастырамыз. Әуелі Чайковскийдің «Ромео мен Жульетта» (Romeo et Juliette) увертюрасынан, содан кейін Прокофьевтің «Ромео мен Жульетта» балетінен, соңында Гуноның «Ромео мен Жульетта» операсынан үзінді тыңдаймыз. МУЗЫКА: ЧАЙКОВСКИЙДІҢ «РОМЕО МЕН ЖУЛЬЕТТАСЫ». ПРОКОФЬЕВТІҢ «РОМЕО МЕН ЖУЛЬЕТТАСЫНА» АУЫСУ. ГУНОНЫҢ «РОМЕО МЕН ЖУЛЬЕТТАСЫНА» АУЫСУ. ДИКТОР: Қазір тыңдағандарыңыз… және осы драмалық эпизодта: Бұл төмендегі музыкалық бағдарламада былай көрсетілген: ДИКТОР: Милвайзердің құнан сырасынан бірер сөз. МУЗЫКА: БАСТАЛАДЫ, ҮДЕЙДІ, 5 СЕКУНД ЖАЛҒАСЫП, АЯҚТАЛАДЫ. ДЫБЫСҚА АУЫСУ. ДЫБЫС: БОКАЛДАРДЫҢ СЫҢҒЫРЫ, АРТҚЫ ФОННАН ТҮРЛІ ДАУЫСТАР ЕСТІЛЕДІ, МУЗЫКА ОЙНАП ТҰР.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==