Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
57 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері ДЫБЫС: КҮН КҮРКІРЕП ТҰР, КӨЛІК ТӨБЕСІНЕН ҚҰЙЫП ТҰРҒАН ҚАТТЫ НӨСЕР ЕКПІНДЕП, АРАСЫНДА МУЗЫКАЛЫҚ СОҚҚЫЛАРМЕН АЛМАСЫП ОТЫРАДЫ ЭЛИС: Ральф, машинаны тоқтатшы. Нөсер деген құйып тұр, алдыңдағы бес адым жерді көре алмайсың. РАЛЬФ: Элис, мен көлікті жақсы жүргізем. ЭЛИС: Ральф, дегенмен алдымыз – ақ тұман. Бірдеңеге ұрынамыз ба деп қорқам. РАЛЬФ: Мен бұл жолды білем. Қыңқылдай бермеші. ЭЛИС: Көпірдегі бұрылысты көрмесек, жардан төмен құлаймыз... ДЫБЫС: Тежегіштің шиқылы музыкалық шумен күшейтілген (мысалы, скрипка), спиральды музыканың дыбысы жоғары тоннан саунд эффектілер және музыкамен үйлескен қақтығыстың дыбысымен төмен тонға бәсеңдеп, аяқталады (мысалы, цимбал, дабыл аспаптарының даусы). КЛЕРК: Айтсаңыз болды, сэр. Бұл бізде ең көп сатылатын тіс пастасы. ДЫБЫС: КАССАЛЫҚ АППАРАТ. МУЗЫКА: КӨПІР. ЖОН: Мэри, Мэри, сенің арқаңда қызметім өсті. МЭРИ: Angelmint-тің арқасы ғой, Жон. МУЗЫКА: СОҚҚЫ, СОСЫН АЯҚТАЛАДЫ. ■■ Саунд эффект. Үрмелі және соқпалы аспаптар жалғыз саунд эффектілеріне қарағанда, дауылдың соққанын дәл беріп, күшейте алады. Кей эффектіні музыкадан басқа ештеңе ұтымды бере алмайды. Радиода жоғары ғимараттың шатырынан құлайтын адамның дыбысын жоғары тоннан спиральды ырғақта қозғалып, гүрс етіп бітетін музыкадан асып ештеңе дәл бермес. ■■ Фон немесе күй. Музыка эпизодтың мазмұны мен күйін күшейте алады. Музыкамен әлсін-әлсін сүйемелдеп отыру керек, алайда оның «айдан анық» немесе кейде тіпті «тайға таңба басқандай» айқын болуы міндетті емес. Жарнамалық ролик кезінде фондық музыканы білетін тыңдаушы продакшн- ның негізгі мақсатынан ауытқып кетеді. Музыка өз әсерін аудитория санасында сезбейтіндей етіп жеткізуі керек. Сондықтан фондық және көңіл күй музыкасы
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==