Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

2-ТАРАУ 56 B. Мына сценарий үлгі ретінде берілді: Соңғы жарнамалық роликтен және дижейдің қоштасу сөзінен кейін (әлқисса- дан немесе таныстырудан өзгешеленетін диктордың соңғы сөздері) мақам шоуды бітіру үшін басталады, үдейді және аяқталады. ■■ Музыкалық көпір. Музыкалық көпір – өткел жасауға ең жиі қолданылатын құрал. Ұзақтығы бірнеше нотаға немесе тактіге ғана созылатын музыка – бағдарлама сегменттері арасындағы үзілістерді нұсқау үшін пайдаланылады. Музыкалық көпірді жарнамалық қыстырманы бағдарламаның басқа бөлігінен ажырату үшін де пайдалануға болады. Драмалық эпизодта (мысалы, жарнамада) музыкалық көпір көбіне мекен мен мезгілдің ауысқанын көрсетеді. Мұнда музыкалық көпір нақты бір сәттің күйі мен мазмұнын бейнелейтініне көз жеткізу үшін аса мұқият болған жөн. Әдет- те көпір бірнеше секундқа созылады. Өте қысқа, яғни бір немесе екі секундтық болса, бұл «соққы» (stab) деп аталады. Төменде келтірілген сценарий үлгісіндегі көпірге назар аударыңыз. МУЗЫКА: «BORN IN THE USA» БАСТАЛАДЫ, ҮДЕЙДІ, БӘСЕҢДЕЙДІ. ДИЖЕЙ: «The Best of America’s Rock Stars»-қа (Американың үздік рок- жұлдыздары) қош келдіңіз, Брюс Спрингстин! МУЗЫКА: АЯҚТАЛАДЫ. ДИЖЕЙ: Босс, біздің қалаға қандай шаруамен келдіңіз?.. ДЫБЫС: СУ АҒЫП ЖАТЫР, ЖУЫНУ БӨЛМЕСІНЕН АЛЫСТАҒЫ СУДЫҢ СЫЛДЫРЫ ЕСТІЛЕДІ. МЭРИ: Айтуға қатты ыңғайсызданып тұрмын, Жон, айтуға бата алмай тұрмын. Бүгін босстың көзіне түскің келсе, тіс пастаңның брендін ауыстырғаның жөн болар. ЖОН: Мынауы жақсы-ақ екен. МЭРИ: Бірақ Angelmint секілді саф таза дем бермейді. ЖОН: Ақылыңнан айналдым. Көкейімде қызметім көтерілсе дейтін үкілі үміттің бары рас. МУЗЫКА: КӨПІР. ДЫБЫС: ДӘРІХАНА ІШІНДЕГІ ШУ. ЖОН: Angelmint-тің біреуін беріңізші.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==