Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
55 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері Музыка Бүгінгі күні музыка радионың негізгі бағдарламасына айналды, десек те музы- каның аясы мазмұннан әлдеқайда кең. Осы ретте автор музыканы – астар, бағ- дарлама, мақам, көпір немесе саунд эффект, фон немесе көңіл күй ретінде қалай пайдалануға болатынын түсінуге тиіс. ■■ Контент . DJ-лер (дижей) ойнайтын таспаға жазылған (жазба, таспа, картриж және компакт-диск цифрлық әдіспен алмастырылды) музыка радиобағдарламадан басым түседі. Ілуде біреу болмаса, тікелей эфирде пайдаланылатын барлық жазбалар цифрлық әдіспен дайындалады. ■■ Астар. «Астар» – диктор саундтрегінің бәкапы ретінде немесе фонға қойылатын музыканы сипаттау үшін қолданылатын жалпылама термин. ■■ Мақам. Радионы ерте заманнан көпке белгілі орындаушылар музыканы өзін таныту үшін пайдаланды. «The Make Believe Ballroom» әні басталғанын естіген тыңдарман – бірінші радионыңжәне премьерDJМартин Блоктың эфиргешығатын уақыты келгенін бірден түсінетін. «Love in Bloom» әнінің алғашқы бірнеше тактісі Жек Беннидің студияға әне-міне шығатынын білдірді. «A Hard Day’s Night» Битлздің эфирге шығатынын меңзеді. «Hello Love» әуені Американың қоғамдық радиожелісінің (American Public Radio Network) « A Prairie Home Companion » шоуынан хабар беретін. «Born in the USA» дегеніміз – Брюс Спрингстин. «The Material Girl» әні Мадоннаны таныстырады. «Billie Jean» – Майкл Жексон, «A Beautiful Day» – U2, aл «Mo Money, Mo Problems» рэпер Notorious B.I.G. Music-ті көз алдыңа келтіреді. A. Бағдарлама мақамы ретінде немесе нақты оқиғаны, әлде нақты тұлғаны байланыстыруға пайдаланылуы мүмкін. Музыкалық мақам естілген сәттен бастап, келесі әрекеттің қандай болатыны не орындаушы кім екені бірден белгілі болады. Мақам шоуда хабарды ашатын, жабатын және жарнамалық үзіліс өткелдері ретінде қолданылуы мүмкін. МУЗЫКА: МАҚАМ, «ROCK AROUND THE CLOCK» БАСТАЛАДЫ, ҮДЕЙДІ, СОСЫН БӘСЕҢДЕЙДІ. ДИЖЕЙ: «The Best of America’s Rock Stars» (Американың үздік рок- жұлдыздары) хабарының кезекті күндізгі сессиясына қош келдіңіздер! Мұнда музыка, гу-гу әңгіме, жаңалық және тікелей эфирге шақырылған арнайы қонағымыз да бар, микрофон алдында адал қызметшілеріңіз, рок қожайыны Жо Жей. Дижей (Joe J. Deejay). МУЗЫКА: МАҚАМ ҮДЕЙДІ ЖӘНЕ АЯҚТАЛАДЫ. КАРТ (CART): 60 СЕК ЖАРНАМАЛЫҚ ҮЗІЛІС. ДИЖЕЙ: БҮГІНГІ БАҒДАРЛАМАМЫЗДЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ АРНАЙЫ ҚОНАҒЫМЫЗБЕН АШЫЛАДЫ. Заманымыздың ең әйгілі жұлдыздарының бірі, аты жер-жаһанға жайылған.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==