Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

2-ТАРАУ 54 қауым таныған тізбегі – әзілкеш Жек Беннидің өз жеке радиошоуында эфирге шығатын сәті. Қарт адамдар оны әлі күнге дейін еске алады, мұны ескі радио бағдарламаларды тыңдаған жастардың да құлағы шалуы мүмкін. Дыбыс – тү- сірілім алаңы мен көңіл күйді қалыптайды, аудитория эмоциясын бағыттайды, назарын аударады, кіріп-шығу жолдарын көрсетеді, мекен мен мезгіл арасында өткел бола алады және жасанды эффектілер тудырады. ДЫБЫС: АЯҚ ЖҮРІСІ... ЕСІК АШЫЛАДЫ ... АЯҚ ЖҮРІСІ БӘСЕҢДЕЙДІ... БОС ДЫБЫСҚА ҰЛАСЫП БАРАДЫ ... АУЫР ТЕМІР ЕСІКТІҢ ТҰТҚАСЫ БҰРАЛАДЫ ... ШЫНЖЫР САЛДЫРЛАЙДЫ... ЕСІК ШИҚ ЕТІП АШЫЛАДЫ... ДАЛАҚТАҒАН ТАҒЫ АЛТЫ АДЫМ... ШЫНЖЫР ЕКІНШІ РЕТ САЛДЫРЛАЙДЫ... ТҰТҚА БҰРАЛАДЫ... АУЫР ТЕМІР ЕСІК ШИҚ ЕТІП АШЫЛАДЫ ... ТАҒЫ ЕКІ АДЫМ (КҮЗЕТШІ МЕН ЖЕК АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ)... ЕСІК КОДЫН ТЕРІП, АҚЫРЫН БҰРАҒАН ДЫБЫС... БАППЕН БҰРАҒАН ДЫБЫС... БАППЕН БҰРАҒАН ДЫБЫС... БАППЕН БҰРАҒАН ДЫБЫС... ТҰТҚА БҰРАЛАДЫ... ҚОҢЫРАУ, АВТОСИГНАЛ, ЫСҚЫРЫҚ, ЖЕРГЕ ҚҰЛАҒАН ЗАТТАР СЕКІЛДІ ... B.O. FOGHORN-МЕН АЯҚТАЛАТЫН ӘДЕТТЕГІ СИГНАЛДАР... Авторы – Жек Бенни. Көп дыбыс анық әрі тұнық берілгеніне қарамастан, оны кейде аудитория бір- ден тани бермейді, себебі ұқсас дыбыстармен жиі араласып кетеді. Осыны әркез есте ұстаңыз. Автор түрлі дыбысты диалог көмегімен анықтай алады. Мысалы, парақтың шықырлауы оттың дыбысы секілді естіледі, ал үстел тартпасын ашу не- месе жабу кез келген нәрсені ашып-жапқандай естілуі мүмкін. Мына эпизод түр- лі дыбысты диалогтың табиғи бөлігі ретінде айқын көрсетуге тырысып-бағады. Дик: (ҚОЛЖАЗБА ПАРАҚТАРЫН УМАЖДАП ТАСТАЙДЫ). Өмірімде жазған ең нашар, түкке тұрғысыз дүние осы шығар. Энн: Жарайды, сізге ұнамаса да, бестселлерге айналуы әбден мүмкін деп ойлаймын. Дик: (БІРНЕШЕ ПАРАҚТЫ ТАҒЫ УМАЖДАЙДЫ). Үш жүз қырық екі беттік іске алғысыз шимай-шатпақ деп осыны айт. Сенбесең, тыңдап көр. Тіпті естілуі де құлаққа түрпідей тиеді. (ҮСТЕЛ ТАРТПАСЫНЫҢ АШЫЛҒАН ДЫБЫСЫ). Міне, мұнда. Мұның жататын жері – осы. (ҚОЛЖАЗБАНЫҢ ТАРТПАҒА ТАСТАЛҒАН ДЫБЫСЫ). Энн: Тартпаға тығып тастамаңызшы. Меніңше, жап-жақсы дүние. Дик: Жоқ! Бұл тартпа – күллі нашар, өлі қолжазбаның мекені. (Үстел тартпасының жабылған дыбысы). Әумин!

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==