Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

53 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері аяқ дыбысы – шығуды немесе ішке енуді білдіреді. Басқа дыбыстар кейіпкердің бір жерге келе жатқанын немесе бір жерден кетіп бара жатқанын көрсету үшін қолданылады. Құпия барлау миссиясынан кейін сарбаздың жау қолына өткен жунгли аралынан кетуі – қайық ескегінің дыбысымен, оқтың зуылымен және жунгли құстары мен аңдарының шуымен бейнеленуі мүмкін. Оқ, құс және аң дыбыстары бірқалыпты болып, қайықтың есуі алыстай берсе, аудитория аралда қалып, сарбаздың жырақтағанын сезеді. Аралдағы түрлі дауыс алыстап кетіп, қайықты есу on-mic деңгейінде болса – аудитория сарбазбен бірге аралдан кетті деген сөз. ■■ Өткел қызметін атқару. Өткел мекеннің ауысқанын білдірсе, пайдаланылатын дыбыстар қозғалыс құралы болуы мүмкін. Жас түлек үйден аттанар кезде, бәрімен елжіреп қоштасады. Қоштасу ұшақ гүріліне ұласады, бұл өз кезегінде алып шаһардың ығы-жығы шуына жалғасады. Бұл дыбыстар жас түлектің пәтер жалдау туралы диалогтық эпизодымен ұштасады. Мұнда мекен ауыстыру дыбыспен ұтымды өткел жасап, дәл шықты. ■ ■ Егер өткел уақыт аралығын қамтуға тиіс болса, кейде дыбыс уақыт санау құралына айналады, мысалы, алдымен сағат үшті соғады, оның тықылы бірде үдеп, бірде қайта саябырсып, ақырында, алтыны соғады. Өткелді нұсқайтын дыбыс өткелдің нақты себебіне байланып қалуы шарт емес, оның сипаты жалпылама болуы мүмкін. ■ ■ Мысалы, көше дыбысын монтаждау жарнамаланған өнімді сатып алу үшін дүкенге бет алған адамға қатысты мекен мен мезгіл аралығын ауыстыруды қамтиды. Кейде бірнеше дыбыс араласқан монтаж ешбір дыбыс нақты бір жағдайға сәйкес келмеген кезде өте тиімді болады. ■ ■ Бағдарлама сегменттері арасындағы өткел секілді, сахналық емес эпизодта дыбыс келесі сегментке қатысты пайдаланылады. Кей жағдайда дыбыс жаңалықтар тикерінің дыбысы немесе жаңалық бағдарламасына арналған жалпы дыбыс (establishing sound) сияқты нақты жағдайға емес, жалпы бағдарламаға қатысты болуы мүмкін. ■■ Жасанды эффектілер дайындау. Норман Коруиннің «Рождествоны ойрандатуға астыртын сөз байласу» ( The Plot to Overthrow Christmas) радиоқойылымындағы суреттеуге зер салыңыз, онда аудитория Аид патшалығына, яғни «қарғыс атқандар лек-легімен жөңкілетін аймақтарға» саяхатқа аттанады. Дыбыс пен музыка үйлесімі ең қарапайым үлгіден ең күрделі үлгіге дейінгі кез келген жасанды эффектіні жасау үшін пайдаланылады. Дыбыспен бір уақытта бірнеше мақсатты көздеуге болады. Радио тарихында- ғы классикалық саунд эффектілердің ішіндегі үздік әрі әйгілісі ретінде көпшілік ҚЫТАЙ ГОНГЫ СОҒЫЛАДЫ. КҮН ЕКІ РЕТ КҮРКІРЕЙДІ. КҮН ӘБДЕН АШЫЛҒАНША СӘУЛЕНІ ҚИҒАШТАП ТҮСІРУ. ҚИҒАШ БҰРЫШТЫ БАЯУ ТӨМЕН ТҮСІРУ ЖӘНЕ АУЫР КИНЕСКОП ЖАРЫҒЫ ҚАРАУЫТҚАН КЕЗДЕ, ДЫБЫС ЖАҢҒЫРЫҒЫН САЯБЫРСЫТУ. ОСЫДАН СОҢ ТҮНЕРГЕН ТӨМЕН ҚИҒАШ БҰРЫШТАН БАСҚАНЫҢ БӘРІН АЛЫП ТАСТАУ. АРТЫНАН ҚИҒАШ БҰРЫШТЫ БАЯУ КӨТЕРІП, БІРНЕШЕ СЕКУНД ҰСТАУ. Авторы – Норман Коруин қоры .

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==