Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

2-ТАРАУ 52 лы тудыратынын атап өтеді. Қазір лентадан немесе винил дискілерінен алына- тын эффектілердің заманы өтті. Тіпті CD-эффект топтамалары заманауи құрыл- ғылары мен жабдықтары бар ірі радиостанцияларда ілуде біреу қолданылады. Мультиэффект процессорлар сияқты соңғы жылдары жарық көрген цифрлық құрылғыларда студиялық микшерге пайдалануға арналған кешенді дыбыс мә- зірі бар. Кейт бұл аудиожабдықтардың жаңа буыны компьютер мен цифрлық жұмыс станцияларынан бөлек, продакшн бөлмесінің ортасын және микшерлеу тәжірибесін түбегейлі өзгерткенін алға тартады. Тәжірибеден жұрдай авторлар кейде дыбысты оңды-солды шамадан тыс пай- даланады. Саунд эффектілері тек қажет жағдайдажәне тыңдаушы бағдарын анық- тайтын қағидаттарға қатысты ғана пайдаланылуы керек. Радионы тыңдаған кезде дыбыс бағдарыңыз туралы бір сәт ой жүгіртіңіз. Мысалы, жоғары, қатты немесе көтеріңкі дауыс екпіні шарықтау шегін немесе кейбір дабыл элементін білдірсе, байсалды, бірқалыпты немесе бәсең дауыс екпіні жайландыратын әрі жайбарақат күйді білдіреді. Мұндай дыбыстар комбинациясы және бір дыбыстың нақты сце- нарий контексіне қатысы осы жалпылама түсініктерді өзгертуі де мүмкін. Мыса- лы, орынды жерде қолданылатын төмен дыбыс тыныштықты емес, зұлымдықтың нышанынан белгі береді; қатты дүрсіл немесе жарылыс кезіндегі төменгі екпін (тон) мен жоғары дыбыс комбинациясы жайландыратын әсерден басқа кез келген әсерді беруі мүмкін. Контекстегі жоғары немесе көтеріңкі екпін бақытты, жарқын күйді береді. Саунд эффектілер бірнеше мақсатта пайдаланылады: ■■ Локация қою немесе реквизиттерді жайғастыру. Сап түзеп жүру дыбысы, металл есіктердің даңғыры және ысқырықтың дыбысы абақты туралы ойға жетелейді. Скрипканың жұмсақ әуезі, ыдыс-аяқ және асхана құралдарының сылдыры, бокалдардың сыңғыры мен күбір-күбір әңгіме мейрамхана туралы, бәлкім, көне венгр әлде орыс мейрамханасы туралы-ау деп қаласың. ■■ Аудитория назары мен эмоцияcын жетектеу. Ерекше дыбысқа екпін түсіру аудиторияны мақсатты түрде жетекке алуы мүмкін. Мысалы, сот залындағы балғаның кенеттен тарс етуі аудитория зейінін төрешілер отырған жаққа қарай бұрады. Аудитория үйде сұлап жатқан адам өлім құрбаны екенін топшыласа, жаяужолмен келе жатқан аяқ сыбдыры, оған ілесе есікті қағу немесе есік тұтқасын баяу дыбыспен бұрау аудитория назарын есіктің кіреберісіне қарай аударады, эмоциясын алдағы үрей мен зорлық-зомбылыққа елегізітіп қояды. ■■ Уақыт белгілеу. Сағаттың сыртылдаған дыбысымен әтештіңшақырған даусы тым таптаурын, бірақ көпке мәлім тәсілдер екені анық. Жаяужолдағы аяқ адымының жаңғырығы басқа ешбір дыбыс естілмейтін жерде түн ортасындағы немесе таң мезгіліндегі тыныш көшені білдіреді. Мысалы, жөнелтілген жүк пойызы сияқты бағдарлама элементі нақты уақыт аралығында өтетін әрекет ретінде бекітілсе, әлгі саунд эффект, яғни пойыз элементі пайдаланылған кезде аудитория дәл уақытты біліп отырады. ■■ Күйге келтіру. Ішекті аспаптар квартетініңбаяу сыбдырымен әуезінен гөрі жарқын күлкі, дүрсілдеген музыка және бокалдардың сыңғыры сауық кешіне өзгеше күй сыйлайды. Кейіпкердің күйін беру үшін дыбысқа контрапункт пайдалануға болады. Жайсыз, түнерген, күйгелек кейіпкердің қарым-қатынасы мен эмоциясы оны жабайы кештегі дыбыстардың ортасына қою арқылы күшейтілуі мүмкін. ■■ Кіретін және шығатын жолдарды белгілеу. Аяқ жүрісі алыстап барады, есіктің ашылып-жабылуы, есіктің қайта ашылып-жабылуы және жақындап келе жатқан

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==