Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
51 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері КОММЕНТАРИЙ АУДИО МАЙРА: Жарайды. (ЕСІКТІҢ АШЫЛҒАН ДЫБЫСЫ). Қоя салайын. (ҚОЛҒА ТИГЕН ҚАҒАЗДЫҢ ШЫТЫРЫМЕН ҚАЛАМСАПТЫҢ ЖАЗУЫ). (ЕСІК ҚОҢЫРАУЫ ШЫРЫЛДАЙДЫ ). ХАБАРШЫ: Рақмет, мэм. (Есіктің жабылған дыбысы). МАЙРА: (АШЫЛЫП ЖАТҚАН КОНВЕРТ ДЫБЫСЫ). Қазір ашам, сосын... (Бір сәт үнсіздік жайлады). 7. Аудитория бағдары басқа жаққа толық ауатынына назар аударыңыз. Майрамен бірге табалдырық маңында тұрған аудитория, алдымен Жоржды бөлменің басқа бұрышынан естиді; Жорж даусын шығарып, аудитория мен Майра тұрған жерге жақындайды. Ақыры, Жорж діттеген жерге жетеді. ON MIC термині кейіпкер бір позициядан екіншісіне келген кезде, ақыр соңында, қалай пайдаланылатынына назар аударыңыз. ЖОРЖ: (OFF). Ол не екен, Майра? (ӘЛІ ҮН ЖОҚ). ЖОРЖ: (ЖАҚЫНДАП КЕЛІП). Майра, Құдай үшін, не болды? Не деп жазыпты? (ON MIC) Майра, берші, өзім көрейін. Саунд эффектілер Саунд эффектілердің таспалық, қолданбалы және цифрлық деп аталатын үш негізгі категориясы бар, дегенмен бүгінде бірен-саран құрылғылар ғана толық цифрлық әдіске көшіп үлгермеді. Кез келген қажетті дыбыс эффектісін дискіден, жазбадан, лентадан немесе компьютерден табуға болады. Дыбысты бір мезетте бағдарлама әрекетіне қосу үшін кейде қолданбалы немесе табиғи эффектілер тиімдірек. Қолданбалы эффектілерге есікті ашу немесе жабу (саунд эффект опе- раторының қасындағы микрофонға жақын орналасқан шағын есіктен шығатын) және оттың дыбысын имитациялау үшін целлофанды шықырлату жатады. Та- биғи эффектілер – микрофон дыбыс режиссерінің аяғына жақын орналасып, жүрген дыбысты беретіні сияқты табиғи түрде шығатын әсер. Дыбыстар комби- нациясы цифрлық, таспалық, қолданбалы және табиғи эффектілердің бірігуінен жасалуы мүмкін. «Радиостанция» ( The Radio Station) кітабының авторы Майкл Кейт бүгінгі күні барлық студиялар саунд эффектіні компьютер және арнайы бағдарлама көмегі- мен, дыбысты өндіріске интеграциялау әдісі немесе қарапайым практика арқы-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==