Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
2-ТАРАУ 50 Төмендегі сценарий үлгісінде микрофонның негізгі бес позициясы қалай қол- данылатынына зер салыңыз. Сол жақтағы комментарий бағаны сценарийдің құ- рамдас бөлігіне жатпайды , ол мұнда тек оқу құралы ретінде қолданылады. Сон- дай-ақ оқулықта радиосценарийлер орын үнемдеу үшін бір жолмен жазылған, бірақ барлық радиосценарий екі жолмен жазылуға тиіс. КОММЕНТАРИЙ АУДИО 1. Ешбір позиция белгімен көрсетілмесе, кейіпкер микрофон алдындағы позицияда сөйлейді деп топшыланады. ЖОРЖ: Мен әбден қажыдым, Майра. Дәл бүгінгідей күндердің күнінде өзім де... (ЕСІК ҚОҢЫРАУЫ ШЫРЫЛДАЙДЫ). МАЙРА: Жорж, отыра бер. Есікті өзім ашам. ЖОРЖ: Рақмет, жаным. (ЕСІК ҚОҢЫРАУЫ ҚАЙТА ШЫРЫЛДАЙДЫ). 2. Майра іс-әрекеттің фокустық нүктесінен шығып кеткен кезде, аудитория бағдары Жоржбен қалады. МАЙРА: (АЛЫСТАҒАН АЯҚ ТЫСЫРЫ, САЯБЫРЛАЙ БАСТАДЫ). Келе жатырмын... Келе жатырмын. Қызық, бейуақта жүрген кім екен? 3. Жорж табалдырықта тұрған Майраға бөлменің ар жағынан қарап тұрғандай әсер қалдыруы керек. ЖОРЖ: (ШАҚЫРЫП). Есікті ашпас бұрын, кім келгенін көріп ал. МАЙРА: (КАДР СЫРТЫНДА). Жақсы, Жорж. 4. Қазіргі Майраның физикалық позициясында дауысы аудиторияға қашықтан анық жетеді. Ол микрофонға жақындаған сәтте, аудиторияның физикалық позициясы табалдырықта тұрған Майраға еркін бағытталады. (МИКРОФОН АЛДЫНДА/ON MIC) Бұл кім? 5. Бұл – «артқы обструкция» позициясының мысалы. ХАБАРШЫ: (ЕСІКТІҢ АРҒЫ ЖАҒЫНАН). Жорж Гру мырзаның атына хат келді. 6. Аудиторияның физикалық бағдары Майрада қалады. Жорждың дауысы микрофоннан алшақтайды. МАЙРА: Бір минут. (АТЫН ШАҚЫРЫП). Жорж, сенің атыңа бір хат келіпті. ЖОРЖ: (КАДР СЫРТЫНДА). Майра, менің орныма қол қоя саласың ба?
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==