Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
49 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері Микрофон Микрофон – радио трансляциясының негізгі элементі, әдетте mic деп қысқар- тылып жазылады, бірақ кейде mike дейтін қысқаша атауы да кездеседі. Шоуда пайдаланылатын микрофон саны көп емес. DJ-ге (disc jockey) немесе жаңалықтар бағдарламасы секілді стандартты бағдарламаға бір ғана микрофон жеткілікті. Панельдік дискуссия, талқылау немесе сұхбат бағдарламасында әр адамға немесе әрбір екі адамға бір-бір микрофон қажет болуы мүмкін. Барлық микрофон бірдей емес. Дыбыс инженері микрофондарды сезгіштігі мен нақты эффектілеріне қарай іріктейді. Мұнда автордың бір ғана үлкен жауап- кершілігі бар: кейіпкердің микрофонға қатынасын түсіну. Мұндай физикалық қатынас тыңдаушының бағдарын анықтайды. Мысалы, аудитория «көлікпен келе жатқан кейіпкермен» бірге ілесіп отыр делік. Көлік жардың шетіне жақын- дап келеді. Көліктен көз жазбай қарап тұрған аудиторияны ұстап тұру үшін – ке- йіпкер айқайы, көліктің жардан құлаған даусы микрофон алдындағы позицияда естіліп тұруы керек пе, әлде бұл дыбыстар аудиторияны құздың басына бағыт- тап, кейіпкер мен көліктің төмен құлдилағанын естіртіп (сонымен қатар көңіл- мен ғана сезіп) дыбыс бірте-бірте алыстауы керек пе? Микрофонның бес негізгі позициясы бар. Микрофон алдындағы позиция – диалог шеңберінің жанында ешқандай позиция бекітілмеген кезде орынды са- налады. Әу баста кейіпкер басқа позицияда болып, кенеттен микрофонның дәл іргесіндегі позицияда сөйлей жөнелсе, онда «микрофонның алдында» (on mic) белгісін көрсету керек. ■■ Микрофон алдындағы позиция (оn mic). Кейіпкер (орындаушы – performer) тура микрофонға бағытталған позицияда сөйлейді. Тыңдарман қиялында дәл орындаушының іргесінде тұрғандай күйде ұстауға бағытталған. ■■ Микрофоннан қашық позиция (оff mic). Кейіпкер микрофоннан біраз қашықтықта алшақ тұрады. Бұл аудиторияда дыбыс немесе дауыс әдетте сахнаның ортасында орналасқан тыңдаушының физикалық бағдар нүктесінен пропорционалды қашықтықта тұрғандай әсер қалдырады. Мұнда тыңдаушының бағдары кейіпкер даусы өшкен соң өзгереді, бірақ кейіпкердің даусы сол маңдағы диалогтан байқалады. Тыңдарман кейіпкерден гөрі, әрекеттің қақ ортасында жүргендей сезіледі. ■■ Дыбысты үдету (fading on). Кейіпкер микрофонға қарай баяу жақындайды. Тыңдарман үшін кейіпкер іс-әрекеттің физикалық ортасына таяйды. ■■ Дыбысты басу (fading off). Кейіпкер сөйлеген сайын микрофоннан алыстай береді, осылайша орталық бағдар нүктесінен алшақтайды. ■■ Артқы обструкция (behind dostructions). Кейіпкердің даусы мен аудитория бағда- рының фокустық нүктесі арасында кедергі бардай естіледі. Автор кейіпкердің есік артында, терезе сыртында немесе мош питтің ортасында тұрғанын меңзеуі мүмкін. Мұнда арнайы микрофондар қажет болады. Мысалы, фильтр микрофоны дауыс не- месе дыбыс телефоннан шығып жатқандай әсер тудырады. Аудитория бағдарының фокусындағы дауыс телефоннан шыққан күнде де, микрофон алдында сөйлегендей естіледі. Жаңғырық кеңістігі ( echo chamber ) деп аталатын тағы бір тәсіл – адам шкафқа қамалып қалғандай немесе алып үңгірде адасып кеткендей түрлі жаңғыр- ған дыбыс тудырады. Бүгінгі таңда студиялардың көбісі кейіпкерді кез келген по- зицияға немесе күйге келтіруі мүмкін цифрлық түрде түрлі дыбыс жасай алады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==