Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

2-ТАРАУ 48 КОММЕНТАРИЙ ВИДЕО АУДИО 9. Қиыстыру немесе матастыру сөздерді кадрға енгізуге мүмкіндік береді. БАТЫР МЕН СЬЮЗИДІҢ ҚОЛ БҰЛҒАП ТҰРҒАН КӨРІНІСІН АРТҚЫ ПЛАНҒА АУЫСТЫРЫП, ҚИЫСТЫРУ ТИТРІН АЛДЫҢҒЫ ПЛАНҒА ШЫҒАРУ. Дыбыс Көркемдік жағын ескермей, тек техникалық тұрғыдан қарасақ, видео және аудио, кейбір айқын айырмашылықты қоспағанда, дыбыс бәріне ортақ бір тә- сілмен қолданылады. Телевизиялық пьесадағы микрофонды ( mic ) қозғалмайтын бұйымға жатқызуға әсте болмас, ол қозғалмалы орындаушыларға ілесу үшін ба- қан мен оператор арбасына орнатылады. Кеуде микрофоны, үстелге қойылатын микрофон және сымсыз микрофон түрлері телевизияда әдетте жаңалық, cарап- шылар пікірталасы және сұхбаттық шоу сияқты сахналық емес студиялық бағ- дарламалар үшін, кейде алдын ала ойластырылған драмалар үшін жиі пайдала- нылады. Телевизияда түсірілім алаңындағы диалог пен дыбыс әдетте визуалды әрекеттен туындап, онымен үйлесіп-ақ жатады. Мәселен, кадр сыртындағы (OS) саунд эффектілерді пайдаланар болсақ, ол кадр сыртындағы әрекетті нақты көр- сетуге тиіс; ал экрандағы әрекетті білдірсе, сол жерден анық көрінуі шарт. Сценарийде «Кадрдан тыс» ( off-camera – OC ) термині даусы естілетін, бірақ көрінбейтін кейіпкерге немесе дыбысқа қатысты қолданылады. Дыбыс телеви- зияға арнап алдын ала жазылуы мүмкін немесе көбінесе кинопленкаға түсірілген туындылардағы секілді, әрекетті камераға түсіргеннен кейін қосылады. Телеви- зия мен радио баяндау тәсілін пайдаланады, бірақ баяндау визуалды медиумда сирек кездеседі. Телевизияда «кадрдан тыс мәтін» ( Voice-over – VO ) баяндаушы, диктор немесе кейіпкердің алдын ала жазылған ойы болуы мүмкін. Телевизияда музыка – бағдарламаның мазмұны, фоны немесе тақырыбы ре- тінде пайдаланылады. Радиодағы дыбыс пен музыканы пайдалану тәсілдерін те- левизияға бейімдеуге болады, бірақ телевизияда дыбыс немесе музыка визуалды әрекетті алмастырмай, оны толықтыратынын не күшейтетінін әркез есте ұстаңыз. РАДИО Микрофонды қолдану, саунд эффектілері мен музыка – редактор білуге тиіс негізгі техникалық және өндірістік элементтер. Осыдан барып автор аппарат- ты-студиялық блок пен студия сценарийдің діттеген мақсатын жүзеге асыруға жарайтын-жарамайтынын бағамдай білуі керек. Радионың шығармашылық ше- берлігін драмада таныту мүмкін болғанымен, бүгінде пьесалар радиодан сирек беріледі. Дегенмен дәл осы шығармашылық (креативті) әдістер көбіне шағын драмалық эпизодтарға келетін жарнамалық роликтерге және азын-аулақ басқа радиоформаттарға қолданылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==