Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

11-ТАРАУ 486 бақ берген кез келген сыныптарда медиадағы әр бағдарлама жанрына жарамды синопсис, қысқаша нобай парағын немесе сценарий жазуға икемі жоқ адамды сирек кездестірдім. Алайда базалық формат шеңберінен шығуға және гуманис тікжағымды қалыптағы, аудиторияның санасы мен көңіл күйіне негізделген ме- дианың алапатын асыруға шамасы жететін адамды ілуде бір кездестірген жайым бар. Ендеше дарынды болсаңыз, оның үстіне, техниканы меңгеріп алсаңыз Эми не- месе Оскар сыйлығын алудың ауылы да алыс емес. Қабілет және дарыннан бөлек жазуға жан-тәнімен берілу қажет. Ал сізге ең керегі – құштарлық. HBO арнасындағы «Жер қойнында» (Six Feet Under) атты танымал сериалдың сценарисі Жилл Солоуэй өзінің «Жылтыр шалбар киген кішкентай ханымдар» (Tiny Ladies in Shiny Pants) кітабында сценарий жазу ісінде құштарлықтың ауадай қажет екендігін алға тартады. «Жазуға, шынайы жазуға сүңгіп, бой жазғанымда ғана менде көпшілікпен бөлісуге тиіспін деп санаған үлгілер болды», – дейді. Ол бұл тәжірибелік тәсілді өз туындыларына қосқан: «Бойыңызда құштарлық бар ма, жоқ па атқарушы продюсердің талап-тілекте- ріне ашық болған жөн. Алайда ашық болам деп тым қатты кетпеңіз». Жазуға келсек, Солоуэй мұнда «Күлбике хикаясы» ( Cinderella Story ) сияқты оқиғаның қа- жеті болмайтындығын айтады. Жаза беріңіз, жаза беріңіз. Сізге тәжірибе қажет. «Бастапқы жұмысқа жорта қарап, бірден сценарийге қол жеткіземін деп ойлау – кемсіту емей немене?!». Осы кітапты оқып отырған және карьерасын жазу-сызумен байланыстыратын жандарды креативті жазудың жоғары деңгейін бағындыруға қабілетті деп сене- мін. Бірақ бойыңызда мұндай қабілет болмаған күнде, қызметтің өзі үйретеді. Расымен де, кейде креативті сценаристің белгілі бір бағдарлама формулалары немесе сценарий түрлеріне сәйкестендіру үшін өзінің көркемдік көзқарасын тө- мендетудегі қиындықтар себебіне бола, ақы төленетін жұмысқа тұруға мүмкін- дігі аз. Карьераға қатысты бірқатар көзқарастарымды тықпалап, сонымен қатар сце- наристерге медианың түрлі саласынан мүмкіндік беріп, өз бойыңыздағы белгілі дарын, қабілет яки талпыныстарыңыз үшін қандай қадамдарға бару керектігі ту- ралы сөгудің керегі жоқ. Қанша жерге дейін шабасыз немесе өз-өзіңізбен болуды қаншалықты тежейсіз – бұл тек сіздің құзырыңызда. Алайда өз мүмкіндіктері- ңіздің мөлшерін өлшеп, өзіңізді не қанағаттандыратынын біліп алғаныңыз абзал. Бірқатар мақсаттарды да айқындап алыңыз. Әлеует пен шектеулер, мүмкіндіктер мен жауапкершілік, креатив пен ком- промисс комбинацияларының барлық деңгейі, сонымен қатар барлық хабар таратушы станциялар мен медиа өндіруші ұйымдардағы жазу жұмыстарының түгеліне дерлік қатысы бар. Телевизиялық сценарий үшін Lilly Endowment, Inc. қайырымдылық қорымен ұсынылатын Humanitas сыйлығының хабарламасында былай деп жазылған: «Америка телевизиясында сценаристің ықпалы зор, себебі телевизия экра- нында жобаланған құндылықтар соның қиялынан, жан жүрегінен және психи- касынан бастау алған. Педагогтар, шіркеу қызметкерлері немесе саясаткерлердің біразы телевизиялық сценаристің моралдық әсеріне иелік етеді». Бұл телевизиялық сценариске үлкен жауапкершілік жүктейді. Сценарист өз отандастарын рухани байыта түсуге үлкен мүмкіндік сыйлайды. Қалайша дейсіз ғой? Адамның жағдайынан тіл айту, еркіндігі үшін күресу, бір шаңыраққа ұйыту үшін қызмет етеді. Қысқасы, адамды тұлға ретінде байыта түсетін барлық құн- дылықты сіңіреді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==