Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
К әсіби мүмкіндіктер ТАРАУ 11 «М едиаға арнап сценарий жазғыңыз келсе...» Жалтылдаққа жаны құ- мар жастарды мектепке, тілшілікке баулитын курсқа, кітапқа немесе компьютерлік бағдарламаға арбап түсіруді мақсат ететін жарнама атауы осындай болуы мүмкін. Бұлар сол жастарды келесі жылы Эми немесе Оскар сыйлықтарының жеңім- пазы етіп шығаруға кепілдік береді. Өз басым көп жыл телевизия және радиосценарийлер жазуды үйреттім әрі сценарий жазатынмын. Сонымен қатар осы салада еңбек ететін авторлармен та- ныс-біліс маман ретінде бір білетінім – жоғары сападағы креативті жазуды үйре- тудің «қатары» бара-бара сирейтіндігіне сенімдімін. Бұл – дарын дейтін аморфты қасиетті талап етеді. Белгілі бір форматқа сай келетін сөздер мен визуалды суреттерді біріктіруді үйретуге болады. Мұндай жағдайда, көптеген адам қысқаша және стандартты нобай парағын тіпті медиа үшін сапалы сценарий жазуды үйрене алады. Бұл айтарлықтай жаман жайт емес. Егер автор белгілі бір форматты не тәсілді көрерменнің жағымды әсер алуына қосатын үлесі әрі этикасы деп қараса, сцена- рийдің құрамдас құрастырушысы болуда тұрған ештеңе жоқ. Баз біреу жазған дайын форматты алып, оны аудиторияға икемдеп жақсы қалыпқа салатын тәп- сірлеуші қаламгер рөлінде үлкен жетістікке қол жеткізе аласыз. Мұнда – әртіс, биші, музыкант секілдісіз. Жазудың маңызы орасан, алайда бұл көшіру не тәпсірлеу емес. Жазу дегені- міз – жасампаздық. Қаламгердің түпкі мақсаты – сазгер, суретші және хореограф секілді жасампаз болу. Жасампаздық сабақ үстінде үйретілмеуі мүмкін, бұл мотивацияға негізделген талант пен тәжірибенің бірігуінің нәтижесінде пайда болады. Белгілі бір форма- лар, әдістер мен тәсілдер оқытылуға тиіс. Түс, қалып, сызық және текстурамен не істеуге болатындығын үйрену суретшіге парыз, дәл солай қаламгерге де еншісін- дегі құралдармен нендей дүние тудыруға болатынын білу – парыз. Бұл кітаптың діттегені де – осы. Алайда креативті жазу өнері көп нәрсені талап етеді. Креативті жазу – жалпы психологиялық, философиялық және физикалық негіздің синтезі, бұл форма, әдіс және тәсілдерді біліп-танудың арқасында бейнелілікке қол жеткізу. Өзім са- 485
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==