Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

483 Қойылым қатысты бас қатырып жатса да, барлық ықтимал нәтижелер мен оқиғаны өрбі- туді түгесу қажет. Мұндағы интерактивті авторға тиесілі түйткіл – аудиторияны тарту үшін нақты бір желіге байланған екіұшты мәтінге өз көзқарасыңды қосу. ТҮЙТКІЛ ЖӘНЕ МҮМКІНДІК Теңдесі жоқ пьеса жаздым екен деп ойлап, артынша қолжазбаңыздың ақырғы нұсқасының келесі өндіріске немесе сценарий түсіріліміне еш қатысы жоқ екен- дігін аңғаруыңыз мүмкін. Өндірістік сценарий барынша түзетіледі, оған продю- сер мен режиссер енгізетін техникалық ақпарат та кіреді. Автордың шартында келісілген әрі қарайғы кез келген түзетулерді бекіту құқығы туралы ережені қос- пағанда, автор мазмұны, формасы және тіпті ол хабардар етілмеген стильден де өзгерістер табуы мүмкін. Сценарий – жауапты редактор, іріктеу продюсері, агенттік немесе желі бекі- туі, продакшн жоспары, репетиция және орындау үшін өткізілетін соңғы өңдеу- лер секілді үлкен өзгерістерден өткен соң, авторға оны танып-білу қиынға соға- ды. Мұндайды болдыртпас үшін, автор ретінде сіздің қолыңыздан келер жалғыз нәрсе – ол шама-шарқыңыз жететін теңдесіз көркем құндылығы бар сценарий ұсынып, сосын оған ешкім қолының ұшын тигізбейтіндей ету. Ал жағдай тіпті ушығып бара жатса, қашан болмасын, титрден өз аты-жөніңізді алып тастау жа- йында өтіне аласыз. Телевизиядағы ділмар әрі өнімді жазушылардың бірі саналатын Род Серлинг (көптеген колледж студенттері оны «Ымырт аймақ» / The Twilight Zone / туындысы- ның негізін салушы және бас сценарисі ретінде таниды) телевизияны сценарис- терге арналған компромисс құралы деп бағалайды. Washington Post басылымын- дағы Д.Б. Коэнның мақаласын Серлинг «шынайы қалыптағы шарттардағы негіз- гі мәселелерді шешудегі жауапкершілікті алу қорқынышы» үшін телевизияны сынап-мінейді. Ол: «Теледрама – мақта сатушысын ренжітіп алмас үшін аяқтың ұшымен, әрі мысықтабандап жүруі керек», – дейді. Сонымен қатар Серлинг те- ледрамадағы көркемдік тұтастықтың жарнамамен бөлінуіне алаңдаушылығын білдірді. «Дәретхана қағазымен билеп жүрген 12 үй қояны әр 15 минут сайын ытқып шыға беретін болса, ересек, өткір және шымшыма қалыптағы, маңызы зор драманы, деректі фильмді қалай қоясыз?» – дейді. Серлинг «Ымырт аймақ» ( The Twilight Zone ) сериалдары және басқа теледра- малары арқылы соқыр наным, нәсілшілдік, жеке бастың еркіндігі және ядролық соғыс секілді әлеуметтік тақырыптарды көтерді. Бұлардың басым көпшілігі бір- шама арна мен демеуші тарапынан сынға ілікті. Серлинг дүние салар алдында өзі тап болған шектеулерге қарамастан: «Телевизия соншалықты дамып кетті, кейде сондай мағыналы, ересек ақылға қонымды және драманың өткір тұстарын да жаза аласыз», – деп айтып кетті. Сол себепті де арналар мен демеушілер, жарнама агенттіктері, сонымен қатар жауапты редактор , продюсер , режиссерлер өз алдына, көбінде тұщымды дүние жазу өзіңізге байланысты. Өзіңізді жұбатсаңыз болады, себебі сценарийіңіз – өн- дірістің бар элементі бағынатын негізгі өзек әрі жалғыз ұйытқы. Сіздегі сценарий болмаса, бағдарлама – тұл. Сапасы жоғары, этикаға сай әрі көркем құндылыққа бай сценариймен, кем дегенде, адамзатты ағартуға, көңілін көтеруге, дем беруге, рухани азық болуға атсалысасыз. Сонымен қатар масс медианың шексіз әлеуетін толтыруға айтарлықтай үлес қосқаныңызды біліп жүресіз, мақтанып марқайса- ңыз да еш сөкеттігі жоқ.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==