Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

47 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері КОММЕНТАРИЙ ВИДЕО АУДИО Міне, Батыр, сарсапарилладан алыңыз. Бүгін бітірген шаруаңыздан кейін бұған әбден лайықсыз. БАТЫР: Жоқ, Сьюзи. Шаруаны тындырған – мына сен. Соның құрметіне аз-маз ұрттап қоюыңа болады. (Сәл кідіріп). Білесің бе, мен өкінетін бір ғана нәрсе бар. СЬЮЗИ: Ол не? БАТЫР: Барт жібі түзу адам болам деп шешті, қабырғасымен кеңесіп, өз еркімен берілді. СЬЮЗИ: Неге? БАТЫР: Ашығын айтсам, бүгін таңертең мен Шығыстан жаңа мылтық алдым. 7. Қарауыту эпизодтың аяқталғанын, уақыт аралығы өткенін және мекеннің ауысқанын білдіру үшін қолданылады. МУЗЫКА МАҚАМЫН ҚОСЫП, ДАУСЫН ҚАТТЫРАҚ ШЫҒАРУ. КАДРДЫ БАЯУ ҚАРАУЫТУ. 8. Студиялық шоуда кинопленкаға түсірілген фильм немесе таспаға жазылған материал студияда ойналмайтын экстерьерлік кадр үшін қажет болуы мүмкін. ОҢТҮСТІК ДАКОТАНЫ БЕЙНЕЛЕЙТІН КАДР ҚАРАУЫТУДАН АШЫЛАДЫ. ИЕН ДАЛА. КАДР ЛЕЗДЕ СОҚПАҚ ЖОЛМЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН, АТҚА МІНГЕН БАТЫР МЕН СЬЮЗИГЕ АУЫСАДЫ. ОЛАР АЛЫСҚА ҰЗАҒАН БАРТПЕН ҚОШ АЙТЫСЫП ТҰР.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==