Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

2-ТАРАУ 46 КОММЕНТАРИЙ ВИДЕО АУДИО 5. Мұнда перде солдан оңға қарай немесе керісінше жылжиды. Бұл мекеннің ауысуын білдіреді. Бөлінген экранды пайдалану, бөлек екі мекенді аудитория алдына бір уақытта орналастыруды білдіреді. КАДРДЫ ГОРИЗОНТАЛДЫ ЫҒЫСТЫРЫП, БӨЛІНГЕН ЭКРАНҒА ӨТУ. БАРТ ЭКРАННЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНАН, АЛ ТЕЛЕФОН ТҰТҚАСЫН КӨТЕРГЕН ШЕРИФ ЭКРАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНАН БОЙ КӨРСЕТЕДІ. БАТЫР: Шериф кеңсесіне хабарласып тұрсыз. БАРТ: Шериф. Бұл жаман Барт қой. Өз еркіммен беріліп, барлық қылмысымды мойындаймын. Мен жаңа өмір бастадым. БАТЫР: Осы өтірігіңе сенеді деп тұрмысың, Барт? БАРТ: Жоқ, олай емес. Бар сұрайтыным, сөзімді дәлелдеуге мұрсат беріңіз. БАТЫР: Мұны қалай жасамақсың? ШЕРИФТІҢ КЕҢСЕСІН КӨРСЕТЕТІН КАДРДЫ ӨШІРУ, БАРТТЫҢ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕГІ БЕТ ЖҮЗІН ІРІ ПЛАНҒА АЛУ. БАРТ: Кеңсеңізге келем. Өзіммен бірге қару алмаймын. 6. Мұнда қарауыту өткелі уақыт өткенін білдіреді. ҚАРАУЫТУ. ТӨСЕКТЕ ОТЫРҒАН СЬЮЗИДІҢ КӨРІНІСІ ҚАРАУЫТУДАН АШЫЛАДЫ. СЬЮЗИ: Бар білетінім осы, Батыр. Онымен сөйлескен сайын жаны жайсаң жан екеніне көзім жетті. (ТӨСЕКТІҢ АЯҚ ЖАҒЫНДАҒЫ ШАҒЫН ҮСТЕЛГЕ БЕТ АЛАДЫ, СТАҚАН МЕН БӨТЕЛКЕНІ АЛЫП, КРЕСЛОҒА ШАЛҚАЯ КЕТЕДІ. БАТЫР ШЕРИФТІҢ КРЕСЛОДА ОТЫРҒАНЫН КӨРЕМІЗ).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==