Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
45 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері КОММЕНТАРИЙ ВИДЕО АУДИО БАТЫР: Иә. Жағдайы қалай болар екен? Анау жаман Барт – барып тұрған зұлым. 2. Мұнда микс араға уақыт салмай мекенді өзгерту үшін қолданылады. Бұл көрініс шериф кеңсесіндегі көріністің ізін суытпай, бір мезгілде немесе артынан дереу көрсетіледі. КАДРДЫ СЬЮЗИ ХАНЫМНЫҢ ҚОНАҚҮЙДЕГІ НӨМІРІНЕ ҚАРАЙ ЕРТУ (МИКС). БАРТ КРЕСЛОДА ОТЫР. СЬЮЗИ БӨЛМЕНІҢ БАСҚА БҰРЫШЫНДА АРҚАЛЫҒЫ ТІК ОРЫНДЫҚҚА ЖАЙҒАСҚАН. БАРТ: Шынымды айтсам, мен ел ойлағандай жаналғыш емеспін, Сьюзи ханым. Менің намысыма тиетіні – жұрттың мен туралы пікірі. Жастықпен бір рет жаза басқаным рас. СЬЮЗИ. Ол қандай жағдай еді, Барт мырза? 3. Мұнда мінгестіру өткелі еске түсіру құралы ретінде қолданылады. БАРТТЫ КӨРСЕТЕТІН ІРІ ПЛАНҒА КЕЙІПКЕР КӨРІНІСТІ СИПАТТАҒАН КЕЗДЕ, ӨЗІ ӨЛТІРГЕН КІСІНІҢ БЕТ ЖҮЗІН ШЫҒАРАТЫН КАДРДЫ Мінгестіру. БАРТ: Бәрі де күні кеше өткендей есімде. Ол кезде әлі бала едім. Ол маған қаруын кезегендей көрінді. Кезеді ме, кеземеді ме, кім білсін?! Бірақ оған оқ атқан өзім едім. Оның жүзін жер басып жүрген соңғы сәтке дейін еш ұмытпаспын. СЬЮЗИ: Ішім сезеді, сіз бәрі ойлағандай жаман адам емессіз, Барт мырза! 4. Мұнда кадрды дембіл-дембіл ауыстыру – дәл сол үздіксіз уақыт тізбегінде кейіпкерді басқа жағынан көрсетеді. БАРТ ТӨРҮЙДЕГІ ЕСІККЕ БЕТ АЛҒАНДА, КАМЕРА ОҒАН ІЛЕСІП ПАНОРАМА ЖАСАЙДЫ. КАДРДЫ БАРТ ТӨРҮЙГЕ КІРГЕН СӘТКЕ ЛЕЗДЕ АУЫСТЫРУ. БАРТ: Сөзіңіз көңіліме қонды, Сьюзи ханым. Дәл сіздей ешбір әйел маған осылай жылы сөйлеген емес. Енді жаңа өмір бастаймын. (ТӨРҮЙГЕ ШЫҒАДЫ. ҚАБЫРҒАДА ЕСКІ ҮЛГІДЕГІ ТЕЛЕФОН ІЛУЛІ ТҰР). Мен шерифке қоңырау шалам. Оператор, мені шериф кеңсесімен байланыстырыңызшы.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==