Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

2-ТАРАУ 44 ■ ■ Перде (Wipe). Экрандағы бір кадрдың келесі кадрмен терезеге төнген көлеңке секілді өткелмен ауысуы перде атауымен белгілі. Перде әртүрлі бағытта – көлденең, тік немесе диагонал бағытта бола береді. Перде өткелдері кадрдың ортасынан ашылады немесе кадрды жан-жағынан бүркемелейді . Перделер көбінесе мекеннің немесе уақыттың ауысқанын білдіреді. ■ ■ Бөлінген экран (Split screen). Бөлінген экранда эфирдегі кадр екі немесе одан көп камерадан немесе басқа көзден алынған кадрлар, экранға қосарласып шығуынан бөлініп тұрады. Бұл тәсіл экранның жекелеген бөлігінде сөйлейтін адамдарды көрсетіп, телефон арқылы әңгімелесуде жиі пайдаланылады. Экранды бірнеше бөлік пен пішінге бөлуге болады, бұл әдіс кейде меншікті тілшілер әлемнің әр түкпірінен жаңалық жеткізіп тұрғанда қолданылады. Кез келген өлшемдегі бір сегмент экранның қалған бөлігінен жырақ орналасуы мүмкін; мысалы, бейсбол трансляциясында экранның бір бұрышыжүгірушінің бірінші базада топжарғанын көрсетсе, қалған бөлігі допты ұрушыға бағыттаған доп берушіні көрсетеді. Төменде берілген сценарийдегі ВИДЕО және АУДИО бағандар – АСБ-ның техникалық жабдықтарын ( control room techniques ) қалай пайдалануды көрсету үшін ұсынылған стандартты екібағанды сценарий үлгісі. Сол жақтағы коммента - рий бағаны – түсірілім сценарийінің құрамдас бөлігіне жатпайды , тек сценарийге тиісті терминдердің қалай белгіленетінін және қолданылатынын түсіну үшін оқу құралы ретінде енгізілген. КОММЕНТАРИЙ ВИДЕО АУДИО 1. Қарауытудан шығу эпизодтың басында қолданылады. ШЕРИФ КЕҢСЕСІНДЕГІ КАДРДЫҢ ҚАРАУЫТУДАН АШЫЛУЫ. БӨЛМЕНІҢ ҚАҚ ОРТАСЫНДА БАТЫР ШЕРИФ ПЕН ҚОРҚАҚ КӨМЕКШІ ҮСТЕЛ ЖАҒАЛАП ОТЫР. БАТЫР: Қызық, Жаман Барттың не ойлағаны бар екен? Кешелі бері қалада жүр. Қантөгістің алдын алу үшін оның не жоспарлағанын анықтауым керек. ҚОРҚАҚ: Сізге сенем, Батыр. Оның Сьюзи ханыммен қонақүй бөлмесінде болғанын естідім. БАТЫР: Жақсы. Сьюзиге сенім артуға болады. Анық-қанығын біліп береді. ҚОРҚАҚ: Бірақ мені оның бас амандығы алаңдатады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==