Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

43 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері зуалды эффектіге қол жеткізуге болады. Монтаж жиынтығында цифрлық мон- таж ретсіз монтаж деп те аталады, бұл кез келген кадрды режиссер жасайтын кадрлар тізбегіне кез келген сәтте қосуға болады деген сөз». ■ ■ Қарауыту. Қарауытудан шығу суретті қара (немесе бос) экраннан шығарады. Қарауыту өткелі кадрды қап-қараңғы түнекке дейін жеткізеді. («Қараңғылыққа дейін қарауыту» деген сөз орамын құлағыңыз жиі шалған болар»). Қарауыту, негізінен, азды-көпті уақыт аралығы өткенін көрсетуге қолданылады, бұл функция да сахна шымылдығы немесе қараңғылық қызметін атқарады. Қарауыту мекен өзгергенін аңғарту үшін де пайдаланылуы мүмкін. Іс-әрекеттердің реттілігіне байланысты қарауытудан шыққан кезде, қарауыту тез-тез немесе ақырын ғана өтеді. Автор әдетте қарауытудан шығу мен қарауытуды сценарийде көрсетеді. ■ ■ Еру (Микс-Dissolve). Бір кадрдың қанықтығы азайған сәтте басқа сурет қылаң бере бастайды, қараңғылықтағы екінші кадр алдыңғы кадрды бастырмалатып шығады немесе астында қалып қояды. Еру өткелі мекеннің өзгеруін көрсету үшін, бірақ кейде уақыттың өзгеруін көрсету үшін де қолданылады. Микстің әртүрлі модификациясы бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – екі ұқсас немесе бірдей зат бірін-бірі бастырмалай орналасатын «сайма-сай микс» (matched dissolve) , онда субъектінің біреуі қарауытудан шығады, ал екіншісі қараяды, бұл метаморфозалық құбылысты білдіреді. Кадрдың жаңа жағылған шамнан жанып біткен шамға дейінгі азды-көпті уақыт аралығы өткенін көрсетіп еруі «сайма-сай микс» деп аталады. Микс бір уақыт аралығында жылдам микстен (қас қағым қозғалыс – almost a split-second movement ) баяу микске дейін (бес секундқа дейін) өзгеруі мүмкін. Микстің еш жерінде экран қараймайды. ■ ■ Кесу . Кесу – ең жиі қолданылатын әдіс және жай ғана бір кадрдың екіншісіне күрт ауысуы. Кадрды тым көп кесе берудің еш қажеті жоқ; себебі алдымен кесу жалпы бағдарламаның көңіл күйіне, ырғағына, қарқынына және психологиялық ұстанымына сәйкес келетініне көз жеткізіп алу керек. ■ ■ Мінгестіру (Superimposition). Мінгестіру – бірнеше кадрдың бір-бірінің үстіне мінгесуі. Кейде ол еске түсіру процесі және есіне түсіріп жатқан адам экранда бірге бейнеленген кезде, сана ағынының тізбектерінде қолданылады.Мінгестіруде қажетті контраст ұстау үшін бір суреттің қанықтығы екіншісінен көбірек болғаны жөн. Мінгестіру кейде жарнамалық атауды немесе өнімді суреттің үстіне орналастыру сияқты драмалық эффектілер үшін пайдаланылады. Бүгінде мінгестіру принциптері әлі де қолданылып отырғанымен, аппаратты-студиялық блоктың механикалық мінгестіру әдісі – анағұрлым тиімді қиыстыру немесе матастыру тәсіліне ауысты. ■ ■ Қиыстыру (key) немесе матастыру (matte). Қиыстыру – алдыңғы план артқы планға ауысып, өзін-өзі толтыратын екі видеоресурсты біріктіретін арнайы эффект. Матастыру – осыған ұқсас әдіс, бірақ алдыңғы планға түс қоса алады. Символ генераторлары (телевизия титры/ chyrons немесе видифонттар/ vidifonts ) фондық бейнелерге әріптерді электронды түрде кеседі. Өнім атаулары мен жарнама атаулары қиысады не матасады. Хромакей (Chroma key) – суреттің түсін ауыстырып және басқа суретпен алмастыра алатын электронды эффект. Жаңалықтар легі осы әдісті қолданады; бұл әдіс диктордың артындағы жасыл фонға матастырылып таспаланған, кинопленкаға түсірілген немесе цифрлық тізбекке ауыстырылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==