Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
2-ТАРАУ 42 ҮСТЕЛДІ ІРІ ПЛАНМЕН КЕСУ. Дұрыс па, жігіттер? (ҮСТЕЛ БАСЫНДАҒЫ ЕРКЕКТЕР ҚҰПТАҒАНДАЙ БАСЫН ИЗЕЙДІ). ГАРРИ: Жарайды, барға оралайын. ЖО: Бара бер. КАМЕРА ГАРРИМЕН ІЛЕСЕ ПАНОРАМАЛЫҚ ПЛАНҒА ЖЫЛЖИДЫ. КАМЕРА БАРҒА ҚАРАЙ ЖАҚЫНДАЙДЫ, ГАРРИ ТАҒЫ БІР ІШУГЕ ҚҰЙЫП ЖАТҚАНДА, ГАРРИ МЕН МӘК ОРТА ПЛАНҒА ШЫҒАДЫ. ГАРРИДІҢ ЖАЗЫП ЖАТҚАН СӘТІН ОРТАША ІРІ ПЛАНДА ҰСТАУ КАМЕРА ҚАҒАЗ БЕТІНДЕГІ СӨЗДЕРДІ ІРІ ПЛАНМЕН КЕСЕДІ. ГАРРИ : (БАРҒА ҚАРАЙ БЕТ АЛАДЫ, МӘККЕ ІШІМДІК ҚҰЯДЫ. БІР ЖАПЫРАҚ ҚАҒАЗҒА БІРДЕҢЕ ШИМАЛАЙДЫ ДА, БАРДЫҢ ҮСТІНЕ, МӘКТІҢ АЛДЫНА ҚОЯДЫ). Планды таңдау және кадрлама кезінде қабылдау құрылғысының экран өлшемін ескеру керек. ӨІП (XCU) – Imax экраны үшін ыңғайсыз, бірақ ұялы телефон қабылдағышына сай келеді, себебі онда мазмұны майда жалпы планды (WS) жасау өте қиын. Бұл белгілер жазылып көрсетілгенімен, продакшнның басым бөлігі барлық қабылдау форматына таратуға лайықтап дайындалады. Мына сценарлық жоспардың мысалында планның әр түрі қалай пайдаланыл- ғанына назар аударыңыз. Осы сценарийдің басындағы видеобағыттар оқиғаны тек суретпен баяндайды. Автор сценарийде ешқандай планды белгілеп көрсет- пей, тек баяндау сипаттамасын қосады. Мұндай тәсіл сегменттің соңында да қол- данылады. Мысалдағы видеобағыттардың көбін автор қалдырып кеткен, себебі бұл – режиссердің шаруасы. Оқулықта пайдаланылатын біраз сценарийде қа- ламгерлер бірнеше видеобағыт ұсынады. Аппаратты-студиялық блоктың техникалық жабдықтары және монтаж Аппаратты-студиялық блоктағы техникалық инженерлер бейнені өзгерту және бір бейнеден екіншісіне жылжытуға арналған түрлі электрондық тәсілдер- ді игереді, бұл аудитория назарын бағыттауға және пікірін бақылауға мүмкіндік береді. Фильмді монтаждау бөлмесіндегі техникалық инженерлердің қарым-қа- білеті осымен шамалас, бірақ қандай да бір өзгерту – монтаждау процесінде ғана жасалады. Тікелей эфирде таспаланған видеода кейбір өзгерістер бағдарлама- ның жазылуына қарай, сондай-ақ кейінгі монтаж кезінде енгізіледі. Цифрлық құрылғы қолданылатын жерде монтаж жылдам жүреді. Том Кингдонның анықтауы бойынша: «Аппаратты-студиялық блокта цифр- лық эффектілерді пайдалану қолда бар эффектілердің қатарын молайтып, же- тілдіре түседі. Бұрындары сіз жай ғана екі кадр арасында қарапайым өткелдік перде жасасаңыз, енді (төмендегі үлгіні қараңыз) кез келген дерлік күрделі ви-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==