Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
2-ТАРАУ 40 дейін фокус жасайды. Микродеңгейде түсіруге епті кейбір объективтер бірнеше сантиметрден фокус жасайды. Камера: план Кей жағдайда автор сценарийдің логикалық жалғасын көрсету үшін немесе әлдебір сәт аудиторияға тиісті психологиялық әсер беруі үшін, нақты бір субъек- тіні ұстап алуы қажет, сондықтан ол сценарий контексінде бірден айқын көрін- бейтін маңызды планды режиссерге алдын ала ескертіп қойғанды парыз санай- ды. План белгілері: ірі план, орта план, жалпы план деп түрленеді. Осы катего- риялардың ішінде орта ірі план және өте ірі план сияқты градациялар бар. План түрі әдетте түсірілуге тиіс нақты затты нұсқайды; мысалы, «ӨІП (XCU) [өте ірі планда] Жоның оң қолы». Кей терминдер мен олардың мағыналары телевизияға да, кино форматына да қолданылады. Жиі қолданылатын пландар мыналар: ■ ■ Ірі план (ІП). «Гарри ІП» «Гарри сейфтің тұтқасын айналдырған кезде, оның саусақтары ІП» немесе «Гарридің аяғы пианиноның педалін басқанын ІП-ге алу». Ірі планға көбіне адамның беті ғана алынады, бірақ кейде денесінің жоғарғы бөлігі де қамтылады. Егер арнайы белгіленіп көрсетілген жағдай болмаса, ӨІП (өте ірі план) – (XCU немесе ECU) әріптері әдетте тек бет жүзін білдіреді. Ірі планның түрлі вариациясы мыналар: иық планы – бұл иықтан бастап бастың жоғары бөлігіне дейінгі аймақты көрсетеді; кеуде планы; бел планы; мықын планы; тізе планы. ■ ■ Орта план (ОП) . Орта планда камера адамның, топтың немесе объектінің ең жақсы бөлігін алып, экранды толтырады (бірақ толық емес), яғни айналаны тым көп көрсетпейді. ■ ■ Жалпы план (ЖП). Жалпы план (ЖП – long shot ), кейде establishing shot немесе wide shot (WS) деп те аталады, көбінесе аудиторияны дұрыс бағыттау үшін қажетінше барлық реквизитті жайғастырып, түсірілім алаңын тегіс қамту үшін пайдаланылады. Кейде камера жалпы планнан орта планға өтеді, содан кейін ірі планға ойысып, жалпы көріністен, көріністің немесе ситуацияның мәніне ауысатын драмалық қозғалыс жасайды. Енді бірде камера өте ірі планнан жалпы планның (extreme long shot – XLS) ашыла бастайтын кеңдігіне дейін қозғала алады. Екі тәсіл де эпизодты ашу үшін жиі қолданылады. ■ ■ Жалпы план (ЖП) Full shot (FS). Жалпы планда (FS) субъект толық экранға шығады. Мысалы, «ЖП Гарри» деген белгі аудитория Гарриді бастан-аяқ көретінін білдіреді. «ЖП үстел басындағы отбасы» – үстел басында отырған отбасы мүшелері толық көрінеді деген сөз. Кейбір режиссерлер тұла бойы түгел түсетін план ( full figure shot ) үшін FF белгісін пайдаланады. ■ ■ Вариациялар. Осы айтылған пландардың вариациялары қажет нәрсені нақтылау үшін пайдаланылады. Мысалы, әңгімелесіп отырған екі адам да план фокусында болуы қажет жағдайда «Қосадамдық план» терминін (2S) қолданған орынды. Егер екі адам, сценарийдің келесі үлгісінде көрсетілгендей, экранды толтыру керек болса, мұнда «Сығысқан 2S » терминін қолданған дұрыс. Осыған ұқсас, «Екіадамдық орта план» (M2S – medium two-shot ), «Үшадамдық план» ( 3S – three-shot ) және планның басқа да белгілері пайдаланылуы мүмкін.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==