Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

39 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері Камера: объектив Объективтердің басты айырмашығы, зум-объектив пен прайм-объективке байланысты анықталады. Кейінгісінде тек бір фокустық қашықтық бар, бірақ жақындату мүмкіндігі жоқ. Телекамералардың барлығы дерлік студияда неме- се алаңда зумды пайдаланады. Дистанциялық және студиялық зум-объективтер бір-бірінен қажетті жарықтандыру деңгейімен және ракурс ені бойынша ерекше- ленеді. Жарнамалық роликтерге талап етілетін елең еткізер драмалық кадрларға жетік әрі икемді объектив қажет. Том Кингдонның айтуынша: «Әр объективтің өзіне қатысты ерекше эффектілері болады. Тар немесе телефото-объективтер ке- ңістікті қысады және фонды фокустан тыс орналастырады, ал кең бұрышты объ- ективтер кадр кеңістігін ашады және бірнеше затты фокуста ұстайды. Мысалы, жаңалық түсіретін операторлар кең бұрышты объективтерді пайдаланады». Жақсы объектив продакшн уақытын үнемдейді. Мысалы, прайм-объектив камераны қайта қалыпқа келтіру немесе өзгерту үшін кадр реттілігін кідіртуді талап етеді; өте ірі планнан кең жалпы планға дейінгі фокусты бірқалыпты жұмыр етіп алатын және дәл солай кері жүретін объектив үздіксіз және мінсіз түсіруді жеңілдетеді. ENG/EFP объективтер субъектіден бір метр қашықтыққа ЖІГІТТЕРДІҢ АЛДЫНДА ТҰРҒАН ОРЫНДЫҚТАРДЫҢ СЫЗЫҚ БОЙЫМЕН ІЛЕСПЕ КАДР ЖҮРГІЗУ, ӘР ЖІГІТ ЖАУАП БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫҢ БЕТ РЕАКЦИЯСЫН КӨРСЕТУ. (КАМЕРА ОБЪЕКТИВІНЕН ТЫС). Жо? ЖО: (Көзімен тік қарайды, бірақ тіл қатпайды). БАЙРОН: (КАМЕРАДАН ТЫС). Эл? ЭЛ: Мен ештеңе айта алмаймын. БАЙРОН: (КАМЕРАДАН ТЫС) Билл? БИЛЛ: Мен де. Түк те білмеймін. БАЙРОН: (КАМЕРАДАН ТЫС). Жарайды, Жонни. Өзің білерсің. ЖОННИ ПЫШАҚТЫҢ САБЫНА ҚОЛ СОЗА БЕРГЕНДЕ, КАМЕРАНЫ ОНЫҢ ЕТІГІНЕ ҚАРАЙ ТӨМЕН ҚАРАТУ. ОНЫҢ ҚОЛЫ ЕТІГІНЕН КҮРТЕШЕСІНІҢ ІШКІ ҚАЛТАСЫНА ҚАРАЙ ҚОЗҒАЛҒАНДА, КАМЕРА ПАНОРАМАМЕН ЖОҒАРЫ КӨТЕРІЛДІ. БУМ-КАМЕРАМЕН ОРТА ПЛАНДА ЖОННИ ҚОЛЫН ҚАЛТАСЫНАН ШЫҒАРҒАНЫ КӨРСЕТІЛЕДІ, КАМЕРАНЫ БАҚАНДЫ ШТАТИВПЕН ЖОННИДІҢ ҚОЛЫНДАҒЫ БҰЙЫМҒА ҚАРАЙ ЖЫЛЖЫТАДЫ. [Әдетте мұнда бум-кадр қолданылмайды. Зум-объективі қолдануға ыңғайлы әрі дәл солай ұтымды шығады]. ЖОННИ: (Ешкімде үн жоқ. Артынан Жонни ақырын басын шайқайды. Байқатпай, Байронды көзіне ілмей, пышақтың сабынан ұстау үшін қолы етігіне қарай созылады. Қол қимылы кенет тоқтап қалып, күртешесінің ішкі қалтасына қарай тартылады. Жонни қалтасынан бір затты алып шығады да, ақырын алақанын ашады).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==