Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
2-ТАРАУ 38 Редакцияларда камералар алдын ала нақты бір позицияда орнатылады; эфирге жаңалықты беру үшін режиссер, оператор не бағдарлама алдындағы қозғалыстарға жауапты техникалық инженер пернені басуы мүмкін. Мына сценарийлерде камераның негізгі позицияларын қалай пайдалануға болатынына назар аударыңыз. Сценариске камераның қалай қойылатынын көп көрсете беру қажет емес. Ракурсты режиссердің өзі анықтап, сценарийдің сол жақ бағанына жазып қояды. Мұндағы камераның бағыты тәжірибесі аз сцена- риске камера мен түсіру мүмкіндіктерінің алуандығын ұғындыру үшін көрсетіл- ген. Бұл автордан гөрі режиссердің қосқан видеобағыттарын көрсететін түсірілім сценарийіне көбірек ұқсайды. ВИДЕО АУДИО ЖАЛПЫ ПЛАН. Детектив Байрон: (ҮСТЕЛ БАСЫНДА, ОНЫҢ АЛДЫНДА, ЖИНСЫ ШАЛБАР ЖӘНЕ БЫЛҒАРЫ КҮРТЕШЕ КИГЕН, ҚАСЫНА МОТОДУЛЫҒАСЫН ҚОЙҒАН ТӨРТ ЖІГІТ ОРЫНДЫҚТАРҒА ҚАТАР ЖАЙҒАСҚАН). Бәрі ойдағыдай. Әңгімемізді бастасақ. Сонымен, дүкен тоналды. Тонау кезінде бәрің түгел дүкен ішінде болдыңдар. Дүкенде клерктен басқа ешкім болған жоқ. Тонау жайынан бірде- бірің бейхабар емессің. БАЙРОНДЫ ІРІ ПЛАНДА КӨРСЕТУ ҮШІН КАМЕРАНЫ РЕЛЬСПЕН ЖАҚЫНДАТУ (DOLLY-IN). (АШУҒА МІНУ). Өрімдей жап- жас бола тұра, ұры-қарылықпен айналыстыңдар. Қайткен күнде де ұры-қарысың, әрі сот жасқа қарамайды, он жетідесің бе әлде жетпістесің бе бәрібір, істі етеді. Егер де, дәл қазір бір жағына шықпасаңдар, ең қатал жазаға кесілгендеріңді өзім жіті қадағалаймын. БІР ТОП АДАМДЫ ЖАЛПЫ ПЛАНДА КӨРСЕТУ ҮШІН КАМЕРАНЫ АЛЫСТАТУ (DOLLY-OUT) ІРІ ПЛАНМЕН КЕСУ. БАЙРОН СӨЙЛЕП ЖАТҚАНДА, КАМЕРАМЕН ЖІГІТТЕРДІҢ БЕТ ЖҮЗІМЕН БІРІНЕН ЕКІНШІСІНЕ ӨТЕ ОТЫРЫП, ОҢҒА ҚАРАТА ПАНОРАМА ЖАСАУ. Енді мен әрқайсысыңнан тағы бір рет сұраймын. Бұл сендердің соңғы мүмкіндіктерің. Бәрін жайып салсаңдар, тек кінәлі ғана ұрлығы үшін жазаға тартылады. Қалғандарына тек ұсақ ұрлық үшін айып тағылады және шартты мерзімге кесілуіне өзім бас-көз болам. Әйтпесе өз обалдарың өздеріңе, бес-он жылға түрмеге жабам.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==