Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
37 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері форма – «арбаға» орнатылады. Бұл ретте субъектіге қарай немесе одан кері қарай үздіксіз жылжу – субъектіге қараған бағдарды өзгертуге мүм- кіндік береді. 2. Зуммен жақындату (zoom-in) және қашықтату (zoom-out) . Орташа және алыс қашықтықтағы арба сияқты көзделген нысанаға еш қиындықсыз жету үшін көру бұрышын үлкейтіп, адамдарды немесе объектілерді жақын көр- сету арқылы айналасын тарылта жақындайды. Кейбір сценаристер мен режиссерлердің топшылауынша, оператор арбасының аудиторияны объ- ектіге жақындататыны немесе одан кері қайтатыны психологиялық жағы- нан табиғи сезіледі. Басқа сөзбен айтқанда, Том Кингдон: «Рельспен түсіру көрерменнің көз алдына кеңістіктегі шынайы қозғалысты сездіреді, әсіресе камераның өзі алдыңғы пландағы объектілердің дәл жанынан жанай өт- кенде білінеді, ал зум қозғалыстың кеңістік арқылы өтетін арнайы өлшемін қоспай, жай ғана кадр өлшемін өзгертеді», – деп пайымдайды. 3. Вертикал панорама (Tilt up and tilt down). Бұл тұрақты позициядағы ка- мераны жоғары шалқайту немесе төмен қарай еңкейту, көріністі бірқа- лыпты күйде субъектінің үстіңгі немесе төменгі бөлігіне қарай қозғалуын білдіреді. 4. Горизонтал панорама (Pan right and pan left). Камера өз осінде тұрып оңға немесе солға бұрылады. Бұл қозғалыс кейіпкерді немесе нақты әре- кетті бақылау үшін немесе белгілі бір субъектіге аудитория назарын ауда- ру үшін пайдаланылады. 5. Оңға қарай және солға қарай ілесу (Follow right and follow left). Сондай- ақ травелинг (рельс- travel shot ) немесе трекинг кадр деп аталады. Камера субъектіге тік бұрышпен орнатылған, қозғалыстағы субъектінің бойымен жүреді немесе субъект қозғалмайтын жағдайда (мысалы, жарнамалық дис- плейді алайық), камера субъект сызығы бойымен жүреді. Аудитория бір- ден оңға немесе солға бұрылған камера обьективі арқылы дисплейден бірнеше затты көреді. Бұл кадр алдыңғылар сияқты жиі қолданылмайды. Солға немесе оңға қарай ілесу камера өздігінен қозғалмайтын жерде пано- рамалық кадр болуы мүмкін. Трекинг кадрда камера оператор арбасымен немесе дөңгелекті штативпен оңға немесе солға жылжиды, бұл – арбаны бүйірден жақындату немесе алыстату нұсқасы. Трекинг кадр кейде крабпен түсіру (дөңгелекті штативпен қозғалу – crab shot ) деп аталады, «оңға қарай краб кадр» немесе «солға қарай краб кадр» секілді терминологиясы бар. 6. Бақанды штативпен түсіру (Бум кадр – Boom shot). Бастапқыда Холиуд киноөндірісіндегі баршаға таныс бақанды штативпен түсіру құрылғысы уақыт өте телевизиялық өндіріс практикасындағы стандартты бұйымға айналды. Әдетте жылжымалы арбаға бекітілетін кран камераға бұрынғы қалпынан субъектіге қарай әртүрлі ракурста жоғары көтерілуге немесе төмен түсуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ кран кадры деген атаумен бел- гілі. Жабдықтар «жетілген» сайын, мұндай қозғалыстарды жасауға қолданылатын құрылғыларды басқару оңайырақ бола түсуде. Мәселен, уеб-камералар компью- терлік бағдарламаны кадрлауға (фреймдеу), зуммен жақындауға, көлденең, тік панорама жасауға, сонымен қатар түсірілімдегі адамға ілесу үшін пайдасына жа- ратады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==