Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
2-ТАРАУ 36 алаңындағы реквизиттер жетіспей тұрған шығар? Бағдарлама таспаға әлде дис- кіге жазыла ма немесе кран, қосымша эффектілер және басқа да арнайы студия құрылғылары арқылы пленкаға түсіріле ме? Сценарий студиялық түсірілім мен экстерьердің үйлесімін табуы керек пе? Басқаша айтқанда, сценарийдің соңғы нобайын (мүмкін болса, тіпті бірінші жобасын) жазар алдында қаламгер сцена- рий дайындау үшін қандай техникалық құралдардың бар екенін, оның ішінде студияда қандай әрекет жасауға болатынын, нені болмайтынын білуге тиіс. Про- фессор әрі бұрынғы BBC директоры Том Кингдон драмалар мен ситкомдар кө- бінесе фильм стилінде немесе дыбыстық көріністерде жасалатынын атап өткен. Сондықтан автор үшін кинокамераның қауқары мен кинопродакшн техникала- рының әдісін білудің жөні бір бөлек. Кингдонның айтуынша: «Техникалық құ- ралдардың ішіндегі маңыздысы – аппаратты-студиялық блоктағы (АСБ) графи- калық мүмкіндіктер», – дейді. Оның пікірінше, кадрдың үштен бір бөлігіне бат- тиып шығатын айқын графикалық компоненттер бола ма, жылжымалы графи- ка, кадрлар арасына көз тартатын өткелдер қойыла ма, графикалық элементтер қайталана ма, соның бәрін автор режиссермен алдын ала келісіп алғаны дұрыс. Бара-бара миниатюризацияланған студия енді кейбір форматтар үшін небәрі үстелдің үсті ғана. Мәселен, блогерлер мен басқаларға уеб-камерамен видео- трансляция жасау үшін, тіпті түрлі түсті графика немесе хромакейді пайдалану үшін үлкен студия қажет емес. Камера: қозғалыс Негізінен, шоудың пленкаға, цифрлы формада немесе таспаға жазылғанына қарамастан, камера қозғалысы мен терминология бәріне бірдей қолданылады. Мұнда негізгі айырмашылық түсіру стилінде ғана: фильмнің жеке түсірілімі қысқа жазылады, кейде видеоның үздіксіз түсірілімін көрсететін эпизодтар ұза- ғырақ жазылады. Бірден цифрлық таспаға жазу мен монтаж екі тәсілдің эле- менттерін біріктіріп, екеуін өзара үйлестіреді. Профессор Кингдонның айтуын- ша, продакшн дегеніміз – студияда видеотаспаға жазу мен түсірілім алаңында киноға түсіру әдісінен пайда болған: «16 мм пленка сапасымен тең түсетін HDTV және цифрлық камера форматтарының дамуына орай, көптеген шоулар мен тәуелсіз фильмдер пленка орнына видеоға жазылды. Бұл шоуды кинопленкаға немесе видеоға таспалау арасында қандай айырмашылық бар деген мәселе кө- тереді. Барлық фильмнің өзіндік «келбеті» болады, оны жіктеп көрсету – тым күрделі, әйтсе де жүрекке жылы тиетін жағымды сәттерімен танимыз. Салыс- тырмалы түрде видеоның сапасы жоғары, бірақ транспарентті көрінеді. Алайда видео дамып, камераға кинопленка секілді секундына 24 кадр түсіруге мүмкіндік туғалы, мұндағы эстетикалық ерекшелік жоғала бастады». Сценарий авторы кино мен видеокамераға қозғалмалы және реттелетін аван- сцена ретінде қарасын, ал қаламгер мен режиссер біріккенде аудиторияның на- зарын бағыттайды. Аудитория назарының төрт негізгі бөлігі камера арқылы өз- гертілуі мүмкін: (1) аудитория мен субъект арасындағы қашықтық; (2) аудитория көретін субъект көлемі; (3) субъектіге қатысты аудитория позициясы және; (4) субъектіні көрерменнің көзі шалатын ракурс. Автор аудитория назарын бағыт- тау үшін нақты қозғалыстың алтауын да белгілеп көрсетуге дайын болуы шарт: 1. Рельспен жақындату (dolly-in) және алыстату (dolly-out). Камера алға немесе артқа бірқалыпты қозғалуға мүмкіндік беретін жылжымалы плат-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==