Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
35 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері циялардағы айырмашылықты ұтымды жоятын спутниктік және кабельдік сияқ- ты платформалардан қабылдайтынымыз рас, десе де күн өткен сайын бағдарла- маларды компьютер, планшет және смартфон сияқты түрлі қабылдағыштардан жиі тамашалайтын болдық. Алайда теледидар әлі де медиум ретінде қала бер- мек. Сценарий де баз баяғы стильде жазылады. Кей тұрғыдан алғанда, бағдар- лама дайындау қаламгердің өзгеше қырағылығын талап етуі мүмкін. Мысалы, көптеген кабельдік франшизалар құрамында аймақтық арналар бар, сондықтан меншікті тілшілер қосынынан тікелей эфирді дембіл-дембіл ұсынады. Әдетте бұл бағдарламалардың түрі мен мазмұны жарым-жартылай кәсіби сапада да- йындалады, көбінесе нақты бір тақырыпқа маманданған әрі соған қызығатын мүдделі топтардың қолынан шығады. Қаламгер кейде ескі жабдықты пайда- лануға мәжбүрлейтін тікелей эфирдің шектеулерін түсінгені абзал. Аймақтан тарайтын, әсіресе қалың бұқараға арналған арналар әу бастан медиадан сырт қалған көрші елдерге, этникалық азшылыққа және басқа да мәдениеті әр алуан топтарға телевизиялық хабар таратуға мүмкіндік берді. Өйткені кабельдік және спутниктік теледидар пайдаланушыдан ақы талап етеді, ал кейбір арналар – әр арнаға немесе бір тамашалағанға төлем алатын «ақылы» телевизия санатында. Кейбір кабельдік және спутниктік телевизияның көрермені – дәулетті әрі мәдени тұрғыдан талғампаз аудиторияны дәл көрсетіп береді. Кейде арнаға немесе бағдарламаның ыңғайына қарай мөлдіретіп жаза- сыз, бұл эфирдің қалыпты деңгейін анықтайтын бағдардан асып түсуді білдіреді. Интернеттің интерактивті мүмкіндіктері қызметке бағытталған бағдарлама да- йындау мен екіжақты коммуникацияға даңғыл жол ашты. Қазіргі заманғы тех- никалық ахуал «цифрлық» дейтін бір сөзбен сипатталады. ТЕЛЕВИЗИЯ Телевизия редакторы сценарий жазу үшін шығармашылық өндірістің бар- лық элементтерін білуге міндетті болмаса да, медиумның арнайы механикалық және электронды тәсілдері туралы аз-маз түсінігі болуға тиіс. Автор: (1) студия немесе түсіру алаңын; (2) камера және оның қозғалыстарын, объективтері мен кадрларын; (3) компьютерде цифрлы монтаждау технологияларын, сонымен бірге аппаратты-студиялық блокты (АСБ); (4) арнайы видеоэффектілерін; (5) со- сын дыбысты жетік білсін. Студия Телевизиялық студиялар көлемі мен жабдықталуы бойынша біршама ерек- шеленеді. Олардың кейбірі қазіргі заманғы электронды және механикалық жаб- дықтармен жасақталған және көлемі кино түсіретін алаңмен бірдейлері бар. Басқаның қолын студияның шағындығы мен тарлығы, эфирге жарамды сапалы шоу дайындайтын асай-мүсейдің жетіспеушілігі байлайды. Ең озық студиялар желілік арналарда, аймақтық станциялар мен ірі-ірі жекеменшік продакшн ком- панияларда кездеседі. Кейде оқу орнындағы немесе мектептегі арнайы жабдық- талған студиялар кәсіби студиядан бір мысқал да кем түспейді. Автор студияның көлемі мен құрал-жабдықтың жай-жапсарын жатқа білгені жөн. Продакшнның негізгі элементтеріне: ауқымды кинодекорация, бірнеше декорациялық кешен, шығармашылық камераның қозғалысы мен жарықтандыру жата ма? Түсірілім
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==