Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері ТАРАУ 2 Р ежиссер 6 сағаттық минисериал немесе 30 секундтық жарнамаға, тіпті ки- беркеңістіктегі спамның жұрнағына сценарий түзгенде қандай құралдарды қолданатынын және медиа-автор да осыларды түгел бес саусағындай білуі керек. Мәселен, көзбен көретін (visual) не құлақпен еститін (aural) медиумға ар- нап сценарий жазғанда, сценарийді ұғынықты ететін әрі шырайын кіргізетін шы- ғармашылық өндірістің негізгі әдістерімен таныс болғаныңыз жөн. Камераның мүмкіндігі неге жетіп, неге жетпейтінін, аппаратты-студиялық блокта (control room) қандай саунд немесе визуал эффектілердің барын, қиялдағы бейнелерді қалыптауға микрофонның себі қалай тиетінін, суреттеу мен өткелдерді сипатта- ғанда қандай терминология қолданылатынын, сайттың қандай дүниелерден құ- ралатынын, сонымен қатар әсерлі сценарий жазуға қажет басқа да техникалық әрі шығармашылық өндірістің асай-мүсейі мен терминдерін жатқа білсін. Десек те сіз сценарийдің авторы әрі режиссері боларсыз, ендігі жерде про- дакшн элементтерін анықтау режиссер құзырында екенін естен шығармаңыз. Автор үшін сценарийге камераның түрлі қозғалысын, пландарды, АСБ-дағы тех- никаларды тәптіштеп қосудың қажеті жоқ және режиссерге де кедергі келтіреді. Бірақ нақты бір эпизодты түсіндіру немесе нақтылау қажет жағдайда, мұндай қағиданы елеп-ескермеуге болады. Сондықтан осы тарау продакшнның, яғни шығармашылық өндірісінің кейбір негізгі элементтеріне жалпы кіріспе шолу ретінде әзірленді. Әлбетте, жазушы болуға ниетті жан бір немесе бірнеше ме- диасалада продакшн курсынан өткені дұрыс. Себебі медиатехнологиядағы жаңа өзгерістер еш толастамақ емес. Бірнеше жыл бұрын қалыпты саналған нәрсе, бүгінде ескіруі мүмкін. Цифрлық камера- лар, жад, компьютерлік графика және басқа да тұрақты өзгерістер жаңа нәрсе- нің дайындалуына, оның қалай жасалуына және қалай жететініне ықпал етеді. Компьютерлер мен iPhone -дар күн санап дәстүрлі аппараттар мен мамандардың жұмысын молынан атқарып отыр. Автор жаңа технологияны жатырқап немесе өз кәдесіне жаратқысы келмеген күнде де, медиаға қатысты сценарий жазу про- цесіне технология қалай әсер ететінін білсін. Көрермен кабельдік және спутниктік телевизияны эфирлік телевизия қыз- метінен өзгеше дүние ретінде таниды, бірақ мұндағы айырмашылық, негізінен, тарату құралдарында тұр. Қазіргі уақытта бағдарламаларды, негізінен, трансля- 34

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==