Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
33 Масс медиа Вьетнам соғысындағы әскерилердің өтірігін әшкерелеген соң, халықтың соғысты тоқтатуға деген ниеті күшейген еді. Содан сабақ алған Пентагон бұл жағдайдың қайталанбауына бар күшін салды, кейінгі Гренаданы жаулау, Панамаға баса-көк- теп кіру, Парсы шығанағындағы қақтығыстар, Ауғанстан мен Ирактағы соғыстар туралы барлық ақпаратқа қатаң цензура енгізді. Көптеген медиа ұйымдардың 1991 жылы Парсы шығанағындағы жайттың жай-жапсарын біле тұра іркіп қал- ғаны үшін, Америка халқынан кеш те болса кешірім сұрағаны бар болсын, бірақ 1999 жылы Югославия соғысындағы НАТО-ның іс-қимылына АҚШ-тың қатысы бар екені туралы жалған әрі мардымсыз ақпарат берген жасқаншақ медиа баяғы әніне басып, Пентагон мен әл-Каиданың өзара сөз байласқаны Ирактың ядролық қаруының 11 қыркүйектегі Дүниежүзілік сауда орталығына жасалған террорлық шабуылға қатысы бар деген желеуді еш шімірікпей айтты. Одан бөлек, Ирак басқыншылығына дейін-ақ Америкаға төнген қауіптің жалғандығы БҰҰ, АҚШ, қосымша ОБҚ ( CIA ) агенттіктері тарапынан ашылған еді. Ақпарат таратудың шебері Уолтер Кронкайт соңғы шығарылымында үкімет пен әскердің цензура- сын жерден алып, жерге салып сыбады, ал Косова дағдарысын баяндағанда, сол цензураның құрсауынан шыға алмаған медианың ит терісін басына қаптады. Әу баста айтылғандай, медиа өзінің дәстүрлі жолынан жаңылып, бостандығының байыбына бармауы және қоғамға алғаусыз қызмет ету міндетінен бас тартуы, үкіметтің жасырын іс-әрекеттерін жарияламауы кесірінен коммуникация ком- панияларымен сыбайласып телефон әңгімесін тыңдайтын, «терроризмге қарсы соғысқа» қатысты өзгеше ойлайтын саясаткерлер мен өз азаматтарын негізсіз тұтқындайтын халге түсті. CBS-тің бұрынғы президенті Френк Стентон: «Хабартаратудыңдемократиялықтәжірибеге әсері, сайлаушеңберіненқайда алыс кетті. ХХ ғасырдағы алапат дағдарыс, соғыс, майданнан көз ашпаған әлем, тұрақсыз бейбітшілік, екі онжылдықта екі жүз жылда болмаған жаңа ұлттардың пайда болуы, адам айтса нанғысыз ғылыми жаңалықтар, қоғамдық төңкеріс сияқты кесек-кесек оқиғалар америкалықтар үшін таңсық емес; әуелі құлағын радиоға төсейді, сосын назарын теледидарға тігеді. Америка халқының шешімі ақпараттық вакуумда қабылданған емес, себебі олар сұмдық саяси жағдайға ұласуы мүмкін өз заманындағы алапат оқиғалардың куәсі болды», – деген еді. Өкінішке орай, медиа өз мұрасын ұмытып кетіп, арнайы үкіметтің не жеке тұлғаның мүддесін көздейтін виртуалды қолшоқпарға айналып кететіні бар. Медиа сценарисі түйткілді мәселе һәм оқиға туралы жазғанда адамзаттық ой мен дамуға үлес қосудан, қоғамды жақсы жаққа жетелеуден, адам баласының мәселесін шешуден алатын рақат күйді бастан кешеді. Осынша мол әрі ауқымды шаруаны шешіп тастайтын дәл мұндай мамандық некен-саяқ! Теориялық тұр- ғыдан алғанда, автор масс медианың халық мүддесіне қалтқысыз қызмет етуіне, мемлекеттің мәдени әрі ағартушылық стандарттарын көтеруге немесе күшейту- ге, тұтас елді гүлдендіруге қолғабыс жасайды. Асылында, ниеті таза қаламгердің өзі арнаның, радиостанцияның немесе жарнама берушінің ығында бақылауда тұрады, сол әуелгі түп-түзу ниеті аяқасты қалады да, қоғамның мұң-мұқтажы жетер жеріне жетпейді. Арагідік мүдделердің сәйкес келетіні бар. Жұмысынан айырылуды қаламайтын қаламгер жұмыс берушінің «құлақкесті құлындай» айтқанынан шыға алмай қалады. Мұндайда қаламгердің ар-ұжданы халық мүд- десіне қызмет еткізбей қоймас деп үміт етеміз.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==