Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

1-ТАРАУ 32 «Баспасөз бостандығы америкалық демократияның іргетасы саналады. Бұл санатқа телевизия да кіреді. АҚШ – сыртқы күштердің бақылауынан құқықтық тұрғыда тәуелсіз медиасы бар әлемдегі аз ғана елдің бірі. Көздеген мақсаты құптауға тұрарлық болса да қандай да бір топтың, қоғамның немесе жеке адамның қысымымен осы азаттықтан бас тарту – демократияның негізгі принципін бұзуға жатады және үкілеп отырған бостандығымызға сына қағады. Жаңа Англиядағы хабар таратушылар ретінде осындағы әрі елдегі күллі әріптестерді тайсалмауға, батыл әрекет етуге, сыртқы әсерге ауытқымай нық тұруға, сөз бен ой-пікір бостандығыбелгілеген ашық идеялар нарығына дем беруге шақырамыз. Әріптестердің осындай бастамаларына қолдау көрсетуден аянбаймыз». Керек десеңіз, NATAS Директорлар кеңесінің өзге мүшелері бұл шешімді қа- раудан бас тартты. NATAS -тың бір қызметкері бұлшешімді «көпшілік тарапынан станцияның бір мүшесі іске асырған әрекеттің сыны ретінде» қабылдайтынын мәлімдеді. Расында да, солай еді. Сондықтан бағдарламаның шешімі мен маз- мұнын сыртқы қысым ғана анықтамайды, сонымен қатар басшылық жеке-дара хабар таратушы мен қаламгерді идея мен сөз бостандығын қолдауға негізделген өз принциптері мен батылдықтарынан бас тартуға мәжбүрлейді. Коммуникация саласының озық оқытушысы және жазушысы марқұм Сид- ней У. Хед: «Телевизия медиум ретінде дәстүрлі консервативтік құндылықтарға оң қабақ танытады», – деді, ал қоғамға телевизиядан келетін қауіп еркін ойлы адамды қолдай қоюы екіталай, бірақ «әлеуметтік-мәдени сарқыншаққа дем бе- реді». Адамның ақыл-ойы мен эмоциясына медианың ықпалы, сонымен қатар телевизия мен радионың әсер ету қабілеті медиа бақылаушыларына айдан анық, оларды көбінесе гейткипер деп атайды. Гейткиперлер қалыптасқан бизнестің, өнеркәсіптің, қоғамдық және саяси ой-пікірдің, биліктің статус-квосын білдіреді. Карла Брукс Жонстон кітабында: «Бізді медиа қалай бақылайды? Медиаға қар- сы не істей аламыз? Медиаға жаһандық бақылау артқан сайын көпшіліктің нені көріп, еститінін шешетін компаниялар саны бірте-бірте азаюда», – екенін айтты. Корпоративті жаһандануға қарсы әлем бойынша артып келе жатқан наразылық акцияларын конгломерат бақылайтын мейнстрим медиа үстірт жауып тастады немесе бұрмалады. Бұл жолы да сюжеттердің толық нұсқасын интернеттен табу- ға болады. Шынтуайтында, жарнама өнімдер мен сервистерді сатады, ал iVladison Avenue жарнама агенттігі айтарлықтай әсер етеді. Ақпараттық, үкіметтік хабарлар тіпті ойын-сауық шоулардың өзі саяси немесе әлеуметтік наным-сенімдерге, ұстаным- дар мен тәжірибелердің құбылуына әсер етпей қоймайды. Хабар таратушы кор- порация манипулятивті саясаткерлермен, спин-докторлармен, «саясаткердің бір ұтымды сөзімен-ақ», одан қала берді, саясат пен сайлауды қозғайтын мәйегі жоқ әрі дау-дамайсыз репортаждан-ақ медианың саяси процеске қаншалықты тиімді әсер ететінін және тіпті бақылауда қалай ұстайтынын көруге болады. Медиа адамзаттың не көксейтінін қадағалайтын қос жүкті арқалайды. 1960 жылдардағы азаматтық құқықты талап еткен қозғалысты телевизияда көрсету – күллі америкалықтың азаматтық құқығына кепіл болған Конгресс акциясын қол- дайтын көпке дем берді. Вьетнам соғысын телеарнадан көрсету – миллиондаған азаматтың соғысты тоқтату үшін үкіметке қысым жасауына түрткі болды, нәти- жесінде бір президент саяси карьерасын мезгілсіз аяқтады, ал екіншісі – Оңтүстік Шығыс Азиядағы ашық әскери әрекетке тоқтау салды. Заман кері айналып, уақыт өте келе медиа Америка халқына бұрмаланған ақпарат беретін, үкіметпен және әскермен ауыз жаласқан күйге түсті. Медиа

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==