Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
31 Масс медиа мен дүйім Американың үрейін алды. Хабар таратушылар көзбояушылармен ауыз жаласып, сөз бостандығы мен еркіндікке тұсау болды. Өздерін америкалық емес, «супер патриот» деп жариялаған топқа сансыз режиссерлер, продюсерлер және сценаристер кірді. Хабар таратушылар үрейленіп, батылдық пен этиканы ысырып қойды. Көптеген адамның карьерасы мен өмірі быт-шыт болды. Сол кезден бері хабар таратушылар өздерінің демократиядан жұрдай әрі жасқаншақ әрекеттері үшін кешірім сұрауын сұрады, бірақ саяси ұстанымдары цензуралық тізімде алдына жан салмай келеді. 2001 жылы 11 қыркүйектегі террорлық ша- буылдан кейін, әсіресе 2009 жылдан бергі саяси қысым мен конформизм нәтиже- сінде мейнстрим медиа Американың мәртебелі азаматтық бостандығы тоқтаға- нын, жалпыұлттық наразылықты қоздыратын «Патриоттық туралы», «Сыртқы барлауды қадағалау туралы», «Ұлттық қорғаныс туралы» заңнамалар барын, сонымен қатар америкалық азаматтардың дрон арқылы мониторинг жасай ала- тынын мәймөңкелетіп жеткізеді не болмаса мүлдем жақ ашпайды. Осы ішкі цензура АҚШ-та Ирак пен Ауғанстандағы соғысқа қарсы шыққан жаппай нара- зылықтарға да қолданылды. Ілгеріде айтылғандай, медиа консервативті тұлғалар мен компаниялардың бақылауында. Кейбір жағдайды қоспағанда, интернеттегі альтернативті медиасайттар ғана болған жайттарды объективті түрде баяндады. Классикалық ситуациялар – демеушінің өнімі мен сервисін бүркемелеп эфирге беру, не болмаса бәсекелес өнімді ұсыну себебінен материалға жасала- тын цензурадан туындады. Сол қатарда 1940 жылдардағы неміс концлагерінің зұлматын көрсеткен бағдарлама болды. Демеушілік жасайтын газ компаниясы бағдарламадағы газ камераларына қатысты сілтемелерді алдыртып тастады. Бас- қа бір бағдарлама азаматтық соғыс драмасында президент Линкольннің аты ата- латын жерлерді қиып тастады, себебі бұл автомобиль демеушісінің бәсекелесі шығарған автокөліктің атауы болатын. Өткенге зер салсақ, мұндай оқиғаларға еріксіз күлесің, бірақ сол заманда күлкілі ештеңесі де жоқ еді. Өз сценарийінің тұтастығын бұзуға мәжбүр болса, қазіргі автор да күлкісін тыяды. Кейде бағдарлама мазмұнына қатысты медиақұрылтайшының ұстанымы не- месе кереғар көзқарасынан цензура қалыптасады. Мысалы, American Broadcasting Company -дің ел сүйіп көретін «20/20» ақпараттық хабарында Walt Disney World ойын-сауық кешеніне қызметкерлерді жұмысқа алу және қауіпсіздік мәселеле- ріне арналған сюжеті бар еді. АВС-дің корпоративті құрылтайшысы Walt Disney компаниясынан артық-ауыс мәселе туындамайтындығы туралы жазбаша кепіл- дік берілді. Сюжеттің желкесі қиылды. «20/20» хабары ертеректе Disney -дің басқа жобасын жерден алып, жерге салған сюжет бергенін айта кету керек. Кейбір цен- зура қоғамдық реакциядан сескенуден, тіпті демеушінің заңды мүддесінен бөлек алдын ала қалыптасқан қате түсінікпен жүзеге асады. Обыр ауруымен күресуге бүкіл байлығын сарп еткен, сауда орталығының иесі болған еврей туралы шын оқиғаға құрылған қойылымды, демеуші бағдарламадан алып тастады. Себебі бұл қойылым «сауда орталықтарын иеленген еврейлерге» басқа сауда орталық- тарындағы қожайындарға қарағанда, көпе-көрінеу артықшылық берер еді. Бұған тек медиақұрылтайшылар мен демеушілерді ғана кінәләудың қажеті жоқ. Сценаристер және басқа да қызметкерлер жұмыстан айырылып қалудан қорқып немесе жұмыс берушіге жағынам деп, өз шындығынан жиі жаңылады. Мысалы, Бостондағы радиостанция жергілікті діни топтың қысымынан бағдар- ламаны эфирге шығармады. New England Chapter of the National Academy of Television Arts and Sciences ( NATAS – Телевизия өнері мен ғылымы Ұлттық академиясының жаңа Англия бөлімі) басқарушы кеңесінің мүшесі мынадай шешіммен таныс- тырды:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==