Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
1-ТАРАУ 30 және діни консерватизмнің көрінісі іспетті танымалдықтың кері болды. Жал- пыұлттық арнадағы Супербоул ( Super Bowl ) үзілісі кезінде Жанет Жексонның бір омырауының көрінуі «киім-кешектің ұятқа қалдыруы» еді. 20 жыл бұрын- ғы («Нью-Йорк полициясы» NYPD Blue ) жартылай жалаңаштану мен ситком хабарлардағы гормондарды ойнатудың жарасы жеңілдеу болатын. «Шок-жок» ( shock-jock ) бағдарламаларға қарағанда, ақыр аяғы, бұл халықтық дау-дамайға ұрындырды. Азаматтық топтар, діни ұйымдар, тіпті Конгресс әдепсіздеу кез келген материалға ФКК тарапынан қысымды күшейтуді талап етті. ФКК осы күнде арналарды, радиостанцияларды, керек десеңіз, жеке адамдарға жалпы сомасы миллиондаған долларлық айыппұл төлетуін жалғастырып келеді. Бір жағынан, осы қысымның кесірінен Говард Стерн ұзақ уақыт отырған радиодағы жылы орнын босатып, спутниктік радиоға ауысты. Ал ФКК-нің құрығы спутник- тік радиодағы контентті реттеуге жете қойған жоқ. Сондай-ақ ФКК-де кабельдік контентке қатысты ереже атымен жоқ, бірақ осындай реттеудің қаупі және Кон- грестің кейінгі әдепсіздік үшін айыппұлды өсіру заңнамасы көп медиадағы ішкі цензураны күшейтті. Ерик Барноу кино цензурасын талқылайтын «Бұқаралық коммуникация» ( Mass Communication ) кітабында былай деп жазды: «Жаманатқа тыйым саларсың,.. бірақ өмірден тұқым-тұқиянымен аластау керек емес қой. Бәлкім, күш-қуаты- мызды нәпсімен күресуге қайрамайтын шығар. Керісінше, мұның әсері бар ма, кім білсін? Кодекс ережелері көбейгенмен, ар-ұжданды түртетін адамгершілік- ті оята алмас. Тұрпайылыққа тоқтам, нәпсіқұмарлыққа ем емес. Цензурашыл жандайшаптар елге жаймайтын табиғилықты жоққа шығаруға тырысқан кезде, шынның жүзін жасырған өз бетпердесін өзгертеді. Олар құштарлыққа толы ма- хаббаттын аластайды, ал махаббаттың орнын ғадауат басады». Өткір материал Телевизия мен радиода пікір еркіндігі мен демократиялық идея алмасудың тү- бегейлі жоғалып кету қаупі бар, себебі медиақұрылтайшылар өткір материалды беруден ат-тонын ала қашады. Демеушілердің қолдауы және қайшылықтан таза жақсы рейтингтегі ортақол ойын-сауық хабарлар, өткір материалдар мен орын- даушылар жиі-жиі бұғатталады. Көптеген компаниялар өткір бағдарламаға де- меушілік жасаудан бас тартады, сол хабардың кесірінен тәп-тәуір клиенттерінің теріс айналғанын кім жақтырсын. Көп жайтты байқаған Ерик Барноу: «Аш пәле- ден қаш пәле» деп редактор басын ала қашса, «Дау тудыратын еш нәрсе қолдана алмаймыз» деп саналытүрде айтса, онда,шынында, қорқатыннәрсе баршығар», – дейді. Көптеген хабар таратушы станциялар жылдар бойы Әділдік доктринасын (Fairness Doctrine) жою үшін күресті. Бұл доктрина FCC-дің кей жағдайларда қоғамдағы маңызды мәселелерді жан-жақты көрсетуге талап етуді уәкілетті қыл- ды, сол себепті дау-дамайды бірінші орынға шығарды. Президент Р. Рейган Әділ- дік доктринасын заңға айналдыратын Конгрестің заң жобасына вето салғаннан кейін 1987 жылы – ФКК оны жойды. Хабар таратудағы өткір материалдар цензурасының тарихы сала құлаш, ха- бар таратушылар мен қоғам өкінішке орай, адалдық пен демократиядан сабақ алмайтын сияқты. Маккартизмнің дәурені жүрген 1950 жылдардағы «қара тізім» Америка тарихындағы сұмдық әрі масқара кезеңдердің бірі боп қалды. Сонда се- натор Жозеф Маккарти өзінің айыптау демагогиясымен, тіпті жалған айыптауы-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==