Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
29 Масс медиа ны қазіргі заманғы «қауымдастық стандарттарына» салғанда, қалыпты мүддеге иек артады; (2) штат заңнамасында белгіленгендей, туындыда жыныстық қаты- нас көпе-көрінеу қорлайтын жолмен көрсетіледі; (3) сонымен қатар туындының не әдеби, не көркем, не саяси немесе ғылыми құндылығы жоқ болады. Көптеген сыншылар Федералдық коммуникация комиссиясы (FCC) қауымдастықтағы қа- рапайым адам үшін белгіленген қазіргі заманғы стандарттарды түсінбей дал. Ал комиссия компанияларға, станцияларға және орындаушыларға бейәдеп бағдар- ламалары үшін айыппұл салып тастады. Бұған дейін Жоғарғы сот әдепсіздік туралы бір ғана іс бойынша шешім шы- ғарды. Конституцияның бірінші түзетуіндегі «Сөз бостандығы және электронды медиа (интернетті қоспағанда)» туралы ережесіне сай Pacifica Foundation -ге қарас- ты Нью-Йорктегі WBAI радиостанциясына қарсы қозғалған «Жеті былапыт сөз» ( Seven Dirty Words ) ісінде Жорж Карлиннің монологын тіл мен коммуникация бағдарламасының сегменті ретінде алған. 1978 жылы Жоғарғы сот ФКК белгіле- ген айыппұлды мақұлдады, бірақ сот әдепсіздіктің аражігін одан әрі қазбалауға тыйым салды. Осылайша эфирдегі қаламгер сценарий жазғанда «Жеті былапыт сөздің» берілмейтінін біле тұра, орыс рулеткасын ( Russian roulette ) ойнауынан жа- ңылмайды. ФКК-ге түскен кейінгі шағымдар комиссия уәкілдерінің көзқарасы- мен қауымдастықтың орташа стандарттары негізінде жеке-жеке қаралды. 2012 жылы ФКК-нің әдепсіз материалдар үшін айыппұл салған істі Жоғарғы сот жа- ратпай тастады, әдепсіздікке байланысты ережелердегі өзгерістер туралы жеткі- лікті мәлімет бермегені үшін Федералдық коммуникация комиссиясының өзін кінәлі деп тапты. Алайда 2009 жылғы істе Жоғарғы сот бірінші түзетудегі прин- циптерді қарастырмады. 1996 жылғы «Телекоммуникация туралы» заңда жаңа теледидарда «V-чип» ( V- chip ) болуын талап ететін бап бар. Онда «зорлық-зомбылық, секс және басқа да бейәдеп материалдарды» қамтитын әртүрлі рейтинг санатындағы бағдарлама- ларды іріктеуге мүмкіндік береді. «Коммуникациядағы әдептілік туралы» заңна- ма балаларды қорғау жолында «бейәдепке» жататын материалдардың компью- тер арқылы таратылуына да тыйым салды. Біріншісі жүзеге асты, сот кейінгісін қанағаттандырды, ал интернетте белгілі контентке тыйым салатын ұқсас заңдар- ды сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы құқығы бекітілген Конституцияның бірінші түзетуіне қайшы деп ұйғарды. Қоғамдық талқылауды, бақылауды мүлдем сипаты жоқ дүние сияқты тыйып тастап, өмірдің бар құбылыстарын жою мүмкін емес екенін хабар таратушылар түсінді. Бірнеше ток-шоуда, пікірталас хабарларындажәне драмаларда ашықтан- ашық жыныстық қатынасты сөз етеді, көбінде секстің өзін көрсетеді, кейде «жауырды жаба тоқып» итеңдегендей ғана сыңай танытады. Күнделікті күйбең тіршілікте, ситкомнан бастап драмада қолданылатын тілде тиек жоқ, әйтсе де кеңінен тараған төрт әріптік сөзді телевизия эфирге бермейді. Тілді оңды-солды ойнатуға еркіндік кабельдік телевизиядан, әсіресе ақылы арналардан табылады. Ашық және нәпсіқұмарлыққа бағытталған материалдарға салынатын қыруар айыппұл былай тұрсын, 2004 жылға дейін ФКК әдепсіздікке не жататынына таңдау жасады. Мысалы, Говард Стерн шоуындағы мастурбацияны талқылау- ды алайық, расында, ұсынылған контексінен-ақ шектен шыққандыққа баланар. Алайда Опра Уинфри шоуында дәл сол тақырып медициналық және білім кон- тексінде талқыланса, әдепсіздікке жатпайды. (Бұлар нақты мәліметтер). Боқтық сөздің тігісін жатқызып, сілтеп жіберу немесе байқаусызда шығып кетуі заңбұ- зушылыққа жатпайды. Ал 2004 жылы көптеген медиасарапшылар түсіністікпен қараған оқиға орын алды, бірақ бұл сол уақытта бас көтерген саяси, қоғамдық
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==