Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

1-ТАРАУ 28 ға кез келген жерде өзгелермен байланысуға мүмкіндік береді, соның әсерінен материалды таныстыру, мақұлдау үшін өздерінің жазбаша әдістері бар көпте- ген әлеуметтік сайттар құрды. Кітапта әлеуметтік желідегі қарым-қатынас үшін жазу әдістерінің кейбірі кейінірек талқыланады. СӨЗ АСТАРЫН ТҮСІНУ Автор сапалы материалды мөлдіретіп жазатын талантын ғана игермей, нақ- ты қолданылатын материалды талқыға салып, төрелік етеді. Әсіресе телевизия мен радиоға сценарий жазғанда, зәрезаптың көкесін цензурадан көреді. Цензураның бірнеше бастауы бар. Тәуелсіз продюсер не арна болсын, про- дакшн агенттігі әдетте қандай материалдардың өтімді екеніне жол көрсетіп, жөн сілтейді. Контентті анықтауда жарнама берушілердің орасан зор себі тиеді, жарнамашылар қылаудай селкеу тапса, бағдарламаға демеушілік жасаудан бас- тарын ала қашады. Қысым көрсету топтары арыз жазып, тіпті арналар, станция- лар мен продюсерлер қарсы шығады. Телевизия сыншысы Жей Нельсон бірде әзіл-қалжыңға жықпай: «Далада жатқан сатпақ-сатпақ үш ашық хат демеушіге дегенін істете алады», – деп жазды. Медиақұрылтайшылар өз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеке және қоғамдық көзқарастарын білдіреді, тым құрыса, келіспейтін пікірлері жариялан- ғанын қалайды. Медианың көбі консерваторларға тиесілі болғандықтан, консер- вативті көзқарасты ұсынады. (Бір қызығы, көп адам «либералды медиаға» жүгі- ну арқылы қателеседі). Станция менеджерлері, продюсерлер және бағдарлама режиссерлері кейде өз көзқарастарын шарттың аясында айтады, басшылармен тәжікелеспейді, олардың жұмыстарына да зиянын тигізбейді. Цензуралық материал 1934 жылғы «Коммуникация туралы» заңнамада хабар материалдарына цен- зура жасауға тыйым салғанымен, Федералдық коммуникация комиссиясы (FCC) «Бейәдеп немесе былапыт сөз, тіл немесе мағына» үшін айыппұл салатын, әйт- песе тарату лицензиясын қаңтарып қоюға қақысы болды. «Әдепсіздік» тармағы ФКК уәкілдерінің еркінде еді, кез келген сәтте бұрмалай алатын. Соңғы онжыл- дықта қоғамдық консервативтік көзқарас пен президент әкімшілігі Федералдық коммуникация комиссиясы (FCC) жаратпайтын қандай да бір бағдарламаға қар- сы шаралар қолдануға түрткі болды. 1996 жылы азаматтық бостандық топтары- ның және «Балалар телевизиясы үшін» қозғалысының қарсылығына қарамастан, Жоғарғы сот көрермен балаларды қорғағандай сыңай танытып, ересектерге ар- налған бағдарламалардың «қауіпсіз айлағын» ( safe harbor ) құруға ФКК-нің құқығы бар деп қаулы шығарды. «Балалар кешкі сағат 22:00 мен таңғы 06:00 арасында теледидар көрмейді» деген болжамға сүйеніп, бұл уақыт аралығын «қауіпсіз айлаққа» жатқызды. Керісінше, «ересектердің» хабарлары таңғы 6:00 мен кешкі 22:00 арасында көрсетілмейтін болды. ФКК әсіресе шектен шыққан материалдар ұсынатын ток-шоу жүргізушіле- рін орнына қойды. Әдепсіздік астарын ешқашан нақты айқындай алмағанымен, ФКК «Миллер тесті» деп аталатын 1973 жылғыЖоғарғы соттың «Миллер мен Ка- лифорния» ісіндегі шешіміне сүйенеді. Бұл туындыны әдепсіз бейне немесе бы- лапыт сөз екенін үш критерий бойынша бағалайды: (1) қарапайым адам туынды-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==