Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
27 Масс медиа ның сана-сезіміне жетуді мақсат тұтады, әрі интерактивтілікке көбірек мүмкіндік бергені жөн, бірақ әрбіріне стимулдар беріп, талаптандырып тұруды қаперінде ұстасын. Тіпті хард жаңалық секілді объективті форматтың өзінде де автордың айтпақ болған сөзі мен түсіндірмек болған көзқарасы айна-қатесіз жетсін. Ескі медиада жарнама берушінің, құрылтайшының, кейде продюсер-сценаристің се- бебінен жаңалық жиі бұрмаланатын, ал интернет болса әдетте қол жетпейтін танымал ой-таным мен сенім-нанымға, яғни балама көзқарастарға мүмкіндік ұсынады. Тамашалаушы тарап интернетті емін-еркін ақтарар, бірақ қаламгер аудиторияны тұсаулы көзқарас пен ақпаратты ұсынатын сайттарға бағыттап отырады. Жарнама берушілер мен продюсерлер интернеттің жаһандық нарыққа тез шығатынын түсінеді. Негізі, медиада қалыптасқан үрдіс – ірі-ірі монополия- лар мен медиаиндустриялардың бара-бара магнаттардың қолына өтуі шығар- машылық мүмкіндіктер мен пікір алуандығын шектейді (жазушы әрі сыншы А.Ж. Либлинг бір кездері кім құрылтайшы болса, баспасөз еркіндігі соның қо- лында екенін айтқан болатын). Әзірше интернеттегі үлесі аз-маз ғана. Десе де ме- диамагнаттар, басқа да корпоративтік бақылаушылар, әсіресе интернет сервис провайдерлері (ISPs) кез келген пайдаланушы мен материалды кері қайтарып, цензурадан өткізу мүмкіндігін беретін, интернет еркіндігіне қатысты желідегі нейтралитетті жоятын заңнаманы көздеп жүргені аз жазылып жүрген жоқ. Сан алуан мәдениетті, түрлі көзқарасты күллі әлем қаламгердің жазғанын тамаша- лайтынын, тыңдайтынын білуге тиіс. Бұл материалдың мазмұны мен техникасы- на әртүрлі талаптардың туындауына себеп болады. Ал, негізінен, материалды өз мемлекетінде, шектеулі аймақта немесе жергілікті мекенде ғана көретін немесе тыңдайтын болса, мұның жөні – бір басқа. Даниел Рот Fortune журналында: «Дәстүрлі медиа қаламгерлеріне интернетті «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» ұстайтын «техниканың тілін табудан (techie) асқан қиыны жоқ», – деп жазды. Дәстүрлі медиа түрлері материалдың мазмұнын бірінші орынға қойып, техникалық тұсына жүрдім-бардым қарайтын. Керісінше, техниканың тілін білгіштер (techies) әдетте видео-аудио қолданушы- ларын жаңа техникалық коммуникациялар әлеміне бейімделе алмайды деп тон пішіп, ығырын шығарады, тіпті кейде кемсітеді. Осы уақытқа дейін техниканың тілін білгіштердің мерейі үстем болып келгенімен, арадағы алшақтық біршама азайды. Жаңа медиа операторларына таратылатын материалдан гөрі, интернет коммуникациясы құралдары мен процестері артық. Хабар таратушы ұйымдар шеберліктерін ұштап, барынша қолайлы болуға тырысады. Мысалы, Ұлттық ха- бар таратушылар қауымдастығы (www.nab.org ) сайтында хабар таратушыларға әсер ететін жаңа медиадағы дамуға қатысты жаңа технология, конвергенция, ин- тернет ақпараты мен кеңестерге сілтемелер бар. Интернет дәстүрлі медиаға пайдалы әрі бәсекелес болуы мүмкін. Интернет танымал музыканы кеңінен таратты, оған қоса, кейбір белсенді емес радио фор- маттарын қайта жандандырды. Мысалы, әртүрлі қауымдастықтағы бірқатар адамдар ғылыми-фантастикалық драманы ұнатар, бәлкім, Конгресс кітапхана- сының «таспадағы кітаптар» сериясын тыңдағысы келер. Қандай да бір қауым- дастықта экономикалық жағынан кез келген радиоға шығару үшін адамдардың жетіспеушілігінен мұндай бағдарламалар сирек ұсынылады. Алайда интернетте «сүрленген» бағдарлама («dead» program) жетістікке жету жолында мемлекеттік және халықаралық деңгейде қарақұрым адам санына қол жеткізуі мүмкін. Одан бөлек, эфирлік станциядан не болмаса арнадан арнайы уақыт сұрай- тын немесе сатып алатын дәстүрлі медиаға қарағанда, интернет кез келген адам-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==