Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
4-ТАРАУ 112 Келесі хабарлама үлкен аудиторияға арналған, бірақ жеке бағдар мен екпінде «Отбасына деген махаббат» үндеуі бар. Клиенттік Америка Онкология қоғамы (ACS – American Cancer Society) жарнамасының ұзақтығы – 30 сек. Титр : Күнтізбе көмегімен обыр ауруымен қалай күресуге болады? Ересектерді тыюға арналған телеролик. ВИДЕО АУДИО Асүй үстелінің үстінде қызыл маркермен күнтізбені белгілеп отырған әйелді көрсету. Әйелдің жазуы көзге оттай басылады. Нақты бір күнді қоршап, «мерейтой» деп бадырайтып жазғанын, оны айналдыра сызғанын анық көрсетеді. ДИКТОР: (өте маңызды/нұсқаулық). Күнтізбе көмегімен отбасылық өмірді қалай жақсартуға болады? Күйеуі кофесін ұрттап жүріп, күнтізбеге екі рет қарайды. КҮЙЕУІ: Мына ақылың ақыл-ақ екен. Тапқырлық деп осыны айт. Күнтізбені тоңазытқыш есігіне іліп жатқан әйелге кадрды күрт ауыстырып, жазуды көрсету: белгіленген күні «темекіні тастау». ДИКТОР: Күнтізбені пайдаланып, обыр ауруымен қалай күресуге болады? Бір күнді белгілеңіз де, тоқтамыңызға берік болыңыз. Жаныңа медеу табылғанда, мұны істеу түк те қиын емес. Америка Онкология қоғамы темекіні тастауға бел буған шешіміңізге серпін береді. Америка Онкология қоғамы (ACS) логотипі cancer.org/GreatAmericans 1.800.ACS.2345 Бізге қоңырау шалыңыз немесе онлайн сайтқа кіріңіз. Бұл – Америка Онкология қоғамы. Америка Онкология қоғамының рұқсатымен басылды. Төмендегі әлеуметтік хабарламаның телевизиялық нұсқасы ең мықты моти- вация: өз-өзіңді күтуді айшықтап көрсету үшін логикалық және эмоциялық үн- деуді бірге пайдаланады. Бір мессеждің үш түрлі аудиторияға: жалпақ жұртқа, ата-аналарға және жастарға әсер етуі үшін үш түрлі жолмен ұсынылғанына на- зар аударыңыз.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==