Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

111 Жарнама мен хабарлама гентті жансыз» дегенді жарнама астарлап жеткізіп тұр. (Эмоциялық үндеудің тұспалы, расында, негізді болуы мүмкін). «Әрбір әулеттің бір мүшесі осыған қалай да барады...» деген тұжырымнан от- басына деген махаббатты үндеуді байқадыңыз ба? Libby купондарымен ақшаны ысырап етпеу туралы жарнама соңындағы логикалық үндеуді аңғардыңыз ба? Жарнама жазсаңыз: «Құнарлы тағам» дегенге ерекше екпін түсіретін логикалық үндеуді енгізер ме едіңіз? ВИДЕО АУДИО 1. LIBBY КӨРІНІСІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ДИКТОР ОРТАША, ІРІ ПЛАНҒА АЛЫНАДЫ. ДИКТОР: LIBBY компаниясы cөз мағынасын анықтайтын викторина ұсынады. «Гурман» (epicure) сөзінің мағынасы қандай? Сөздікте бұл сөз «тағам таңдауда талғамы жоғары адам» дегенді білдіреді. Сонымен қатар бұл – үйде асты үнемі LIBBY - дің танымал өнімдерінен әзірлейтін адамға қатысты айтылатын тамаша сөз... 2. ДИСПЛЕЙДІ КӨРСЕТЕДІ. Расында да, әр әулеттің бір мүшесі LIBBY -дің шабдалы дәмінен жасалған жеміс-жидек коктейлін алуға... 3. ӘР ӨНІМДІ СИНХРОНДЫ РЕТПЕН КӨРСЕТЕДІ. LIBBY -дің түйіршіктелген немесе кесілген ананас тіліктерін алуға... Ананас шырынын алуға... LIBBY бұршағын алуға... Қызылшасын алуға... бүтін не крем түріндегі жүгерісін алуға... LIBBY -дің томат шырынын ... тұздалған сиыр етін.. және LIBBY -дің бұқтырылған сиыр етін алуға барады. 4. LIBBY КУПОНДАРЫН ҰСТАП ТҰРАДЫ. LIBBY -дің көпке танымал азық- түлігімен кейінге қамданып жатыр... Өйткені қолыңыздағы бір долларлық 5. КАМЕРА LIBBY КӨРІНІСІН ІРІ ПЛАНҒА АЛУ ҮШІН ЖАҚЫНДАЙ ТҮСЕДІ. LIBBY купондарын қолма-қол ақшаға ауыстырып алуға әлі де үлгересіз. Сіз осы аптада азық-түлікке жаратқан қаражатыңыздан қомақты ақша үнемдей аласыз. Сондықтан қазір танымал LIBBY өнімдерімен қамданып алыңыз... және LIBBY купондарыңызды қолма-қол ақшаға айырбастап алыңыз, осыдан соң LIBBY -дегі сауда жасау тізіміңізде «тұрақты» белгісі көрініп тұрады!

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==