Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
4-ТАРАУ 108 тырмалы түрде әрбір станция өз демографикасын оңай біледі. Бұған дейін ай- тып өткеніміздей, консолидация жағдайды күрделендіріп жіберді. Турасын айт- қанда, интернет бүкіл әлемді жайлады. Жарнама берушілер өнім мен қызметін келістіру үшін бағдарлама түріне және ғаламтор пайдаланушыларының желіде тіркелген (интернет трекинг арқылы) әдеттеріне сүйенеді. Автор жарнаманы көруге құлықты аудиторияны мүмкіндігінше терең зерт- теп алады, сосын аудиторияны қызықтыратын материалдарды арнайы қосады. Аудиторияны анализдеу критерийлері әлеуметтік хабарламаға да бірдей қолда- нылады. Осыдан кейін аудиторияны анализдеу әдісі жарнама аясында көрермен- нің нақты қажеттілігі мен қалауына жол табуға ұласып, аудиторияға, мейлінше, мол әсер қалдыруды көздейді. Дегенмен автор, алдымен жарнамаланатын өнім не қызмет түрімен жақсы таныс болуы керек. Өніммен таныс болу Автор өнімді жеке бақылап, пайдаға жаратудан бөлек өнімге қатысы бар тұл- ғадан ол туралы көбірек ақпарат жинауға тиіс. Мұндайда жарнама беруші ком- панияның зерттеу жүргізу немесе промоушн бөлімі жақсы дереккөз бола алады. Өнім мен қызмет түріне зерек әрі мейірімді (жұмсақ) көңілмен қарай біліңіз. Этикалық пайымды былай қойғанда, сізге мүлде қызықсыз, зауқыңыз соқпайтын өнім не қызмет түрі бойынша тапсырма берілуі мүмкін. Шын мәнінде, кез келген өнім не қызмет әлеуетті клиенттердің көбіне солай көрінеді. Сіздің міндетіңіз – оны қызықты ету. Егер сізге көлемі алақанға сыятын, сапасы мен қанықтығы 10 мегапиксель, 12Х оптикалық зумдайтын, көмескіленіп өшпейтін, 8 сантиметрлік экраны мен көр- сеткіш тетігі бар, кіріктірілген сыйымдылығы 1000 суретке арналған және бағасы 200 долларға жетпейтін жаңа цифрлық камераны сату жүктелсе, копирайтер ре- тіндегі жұмысыңыз әлдеқайда жеңіл болар еді. Ал басқа бір немесе бірнеше ком- пания осыған ұқсас камераны жарнамалап жатса, қайтпексіз? Тұтынушыларды бірден баурап алатын камераңыздың қандай сиқыры болуы керек?! Міне, көңілдегі сауалыңыз осы болуы керек. Toyota Corolla -ның, кейінірек Camry -дің және жақында Prius -тің көпке шыдайтын қозғалтқышын, шағын авто- көліктің іші мен сақтау орнының кең екенін және бензин құны ұшып тұрғанда жанармайды аз жейтінін сәнін келтіре сабақтаған жарнама авторлары Toyota -ны Америка Құрама Штаттарындағы ең көп сатылатын автомобиль атандырды. Ал кейде көптің арасындағы фаст-фуд желісінің бірі немесе ұялы байланыс компанияларының бірі, немесе автосақтандыру компаниясымен, тіпті жай ғана спорттық аяқкиім не кроссовка сияқты үйреншікті өнім, не қызмет түрімен ай- налысуыңыз мүмкін. Егер әлеуетті клиенттердің санасында жалғыз тұрып, өнім не қызметті бейнелейтін ұтымды ұран ойлап тапсаңыз, онда копирайтердің қызметін қатырдым дей беріңіз. Мысалы: «Оны жаныңыз сүйеді» ( You’re Loving It McDonald’s), «Дәл қазір мені естіп тұрмысыз?» (Can You Hear Me Now Verizon), «Бұл үңгір адамының да қолынан келеді» ( Even a Cave Man Can Do It GEICO), «Ал да істе!» ( Just Do It! Nike). Nike -тің қанат белгісі немесе GEICO -дағы гекко сияқты визуал нышандар да әсерлі болатыны сөзсіз.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==