Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

105 Жарнама мен хабарлама СЦЕНАРИЙ СТИЛЬДЕРІ Коммерциялық жарнаманы немесе әлеуметтік хабарламаны биік талғаммен жазыңыз. Сценарий жазу стилінде аудиторияны еліктіріп әкетер визуал және аудиоэлементтердің орны бөлек болғанымен, көрермен не тыңдарманды бау- райтын дүние мен оны бездіретін, не үрейін қашыратын нәрсенің арасында айырмашылық бар. Есіңізде болсын, демеуші бір де бір болашақ клиентін жо- ғалтқысы келмейді. 17–25 жасқа арналған кей жарнамада «хай-тек» (high-tech) тәсілі қолданылады және музыкалық клиптерде cәтті шығатын жоғары өнімді, жоғары децибелді элементтер қосылады. Мұндай жарнама көрерменді төмен талғам деңгейіне түсіруі де ғажап емес – сексуалды инсинуация, физикалық не психологиялық зорлық-зомбылық, жалаңаштық немесе жартылай жалаңаш- тыққа әкеп тіреуі мүмкін, бірақ жарнама шектен шықпауға тиіс. Әзіл, драма, музыка және басқа да әдістер аудиторияға өнім немесе сервис түріне жазылуға иландыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Әр формат шеңберін- де турасын айтып, қарапайым болыңыз. Коммерциялық не әлеуметтік жарнама шынайы шығуы үшін, әрі аудитория көзбен көріп, құлақпен естігеніне имандай сенуі үшін баяндаушының материалы жағдайға қарай емін-еркін әңгіме фор- масындағы мәлімет болуы шарт. Мысалы, жарнаманың рэп түріндегі үлгісінде орындаушының тілі қарапайым халыққа түсініксіз әрі күрделі болып көрінуі мүмкін, бірақ мұндай жарнаманың өзіне жарасар ситуациясы мен белгілі бір жас аралығындағы аудиториясы болады. Танымал бір роликте адам жай ғана әл- дебір адамдар арасындағы әңгімені бақылайды не тыңдайды делік, бұл – сол жас шамасындағы топтың басқосуына қатысуға қызықтыратын әңгіме. Аудитория топпен анықталады. Жарнаманың телевизиялық нұсқасында өнім атауын сөзбе- сөз айтпай-ақ, оның сырын кейіпкер киіміндегі лейблге назар аударта отырып- ақ ашуға болады. Кейіпкерлерді көзге таныс, көңілге қонымды ету үшін автордың ауызекі әңгі- мені не сленгтен құралған диалогты пайдалануы міндетті емес. Мұндай диалог көз алдыңыздағы жағдайға сай келсе, ұтымды шығады, үлгі ретінде пьеса кейіп- керлерінің арасында өрбитін диалогты айтуға болады. Тоқ етері, лексика лайық- ты, бірақ әрсіз болмауы керек. Селт еткізсін, бірақ қарабайыр болмасын. Қара- пайым сөзбен-ақ өрілген әрі турасын жеткізген, бірақ не мағына жоқ не сауатсыз болып шықпасын. Әрине, орындаушылардың тұрпаты бейграмматикалық диалогты талап ете- тін жағдайды айтпағанда, сценарий жазбасы грамматикалық тұрғыдан қатесіз Америка жүрек қауымдастығының рұқсатымен берілген. ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДА КОМПАНИЯҢЫЗДЫҢ АТЫНАН «ЖҮРЕКТЕР БҮР ЖАРҒАНДА» НАУҚАНЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ РЕТІНДЕ ЖАЗЫЛЫП, ӘРІПТЕСТЕРІҢІЗДІҢ ТАПСЫРЫСТАРЫН ҚАБЫЛДАЙ ОТЫРЫП, ШАРАҒА ҚОЛҒАБЫС ЖАСАЙ АЛАСЫЗ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН АМЕРИКА ЖҮРЕК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА 508-620-1700 ТЕЛЕФОН НӨМЕРІ БОЙЫНША ҚОҢЫРАУ ШАЛЫП, 3946 ІШКІ НӨМІРІНЕ ҚОСУЫН СҰРАҢЫЗ. БҰЛ ЖҮРЕГІҢІЗГЕ ЖЫЛУ БЕРЕДІ!

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==