Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

4-ТАРАУ 104 ДИСК ЖОКЕЙ БАҒДАРЛАМАСЫ (30 секунд, радио) Ди Жей ... ...миллион данасы бірден таралып кеткен таспа. Тыңдар құлаққа жеңіл. (атауы және орындаушы) Бірақ мұнда естір құлаққа оңай тимейтін бір нәрсе бар: миллионға жуық америкалық баланың жүйкесі жұқарған. Ұлт баласына тәлім беру апталығы кезінде Ата-аналар мен мұғалімдер қауымдастығы Ұлт баласына тәлім беру қорымен бірлесе отырып, Сіздерді науқас балалармен етене таныстыру үшін (қала) арнайы кездесу ұйымдастырады. Шараға қатысу – өз игілігіңізге қызмет етеді. _____ (қала немесе облыс) ... қалай қол ұшын созуға болатыны жайлы көбірек білгіңіз келсе, келіңіз. _________ (күні және мекен-жайы) ЖЕРГІЛІКТІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ (20 секунд, радио) ДИКТОР: Бұл ауа райы болжамы, бірақ жүйкесі жұқарған балаларға қатысты болжамымыз әрдайым (қала немесе облыс) бұлыңғыр. Бұл – Ұлт баласына тәлім беру апталығы, сіз осы мәселе туралы хабардар болсаңыз – қол ұшын созып, көмектесе аласыз. (қала немесе облыс) Ата-аналар мен мұғалімдер қауымдастығы _________ (күні) _________ (мекені) ұйымдастырған кездесуге келіңіздер. Америка балаларға тәлім беру ұйымы (American Child Guidance Foundation, Inc) үшін агент Баттен, Бартон, Дурстин және Осборнның атсалысуымен дайындалған. Кейде әлеуметтік хабарлама ақпарат беріп қана қоймай, лайықты іске қара- жат жинау шараларына қатысу және шараның өтетін орны, уақыты және құны туралы егжей-тегжейлі мәлімет беріп, коммерциялық жарнама сияқты аудито- рияны қандай да бір әрекет жасауға үгіттеуі мүмкін. Әлеуметтік хабарлама тіпті аудиторияның қаражат жинауға тікелей қатысуын көздеуі мүмкін, бұл – бір қа- рағанда өнімді сату әрекетіне ұқсайды, бірақ негізгі мақсаты – коммерциялықтан ада, адамды қол ұшын беруге жетелеу, төмендегі мысалды қараңыз: «ЖҮРЕКТЕР БҮР ЖАРҒАНДА» (HEARTS IN BLOOM) – ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ЖАЗБАСЫ (30 СЕКУНД). ОСЫ ҚЫСТА, БІР ЖАНҒА ӨМІР СЫЙЛАҢЫЗ. АМЕРИКА ЖҮРЕК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ «ЖҮРЕКТЕР БҮР ЖАРҒАНДА» НАУҚАНЫ КЕҢСЕҢІЗДІҢ ДӘЛ АЛДЫНА, ЖҮРЕК ЕЛЖІРЕТЕР ГҮЛ ШОҒЫН ӘКЕЛУГЕ ӘЗІР, ӘРІ ЕЛДЕГІ НӨМІРІ БІРІНШІ ЖҮРЕК АУРУЫМЕН КҮРЕСУГЕ КӨМЕКТЕСУГЕ ӘЗІР.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==