Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
103 Жарнама мен хабарлама Әлеуметтік хабарлама Әлеуметтік хабарлама көбінесе атаудың (ID) бір бөлігі ретінде беріледі. Мы- салы, «бұл – WMVH , сайлау науқанындағы сіздің радиоңыз. WMVH -те сайлау науқанының маңызды мәселелеріне құлақ тоссаңыз, сайлау күні дауыс бергіңіз келетіні хақ. Дауыс беру үшін бүгін тіркеліңіз». Демеуші ұйымдар бір хабарла- маны, мейлінше, көбірек кәдеге жарату үшін, көбінесе ұзақтығы әртүрлі ақпарат жиынтығын ұсынады. Төменде – «дауыс беру үшін тіркел» науқанының иллюс- трациялары. Әлеуметтік хабарлама мереке не ерекше жағдайға қатысты, яғни олардың игі- лігін арттыра алатын кез келген мақсатта бағдарламалардың нақты бір түріне сәйкес жасалады. Есіңізде болсын, бұл – ақылы жарнама емес және ұйым ра- диостанцияның ізгі ерік-жігеріне және жарнамаға бөлінетін бос уақытына тәуел- ді болады. Әлеуметтік хабарламаның мазмұны мен ұзақтығы неғұрлым икемді болса, оны орналастыру да соғұрлым оңай. Төменде кейбір иллюстрациялар назарға ұсынылған: 10 СЕКУНДТЫҚ ХАБАРЛАМА ДИКТОР: Дауыс бергіңіз келсе, ең әуелі, тіркелуіңіз керек. Дәл қазір мына жерге *мына күні *мына уақытта * тіркеліңіз. 20 СЕКУНДТЫҚ ХАБАРЛАМА ДИКТОР: Егер сіз дауыс беруге тіркелмесеңіз, демократиялық құқығыңызды қараша айында өтетін сайлауда пайдалана алмайсыз. Сайлау күні дауыс беру үшін, мына жерге *мына күні *мына уақытта * тіркеліңіз. Америкалық Мирас қорының рұқсатымен (American Heritage Foundation) ұсынылды. УАҚЫТ СИГНАЛЫ (20 секунд, радио) ДИКТОР: Бұл... және дәл қазір жүйкесі тозған бала (уақыты) көмектеріңіз бен қолдауларыңызға зәру. Бұл Ұлт баласына (қала немесе облыс) тәлім беру апталығы. Бір сәт көңіл аударыңыз,.. сонымен қатар жүйкесі жұқарған балаларға арналған арнайы бағдарламаға да мына (қала немесе облыс). Ата-аналар мен мұғалімдер қауымдастығының ұсынуымен ( PTA – Parent Teacher Association ), ... (күні)… (мекені)
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==