Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
4-ТАРАУ 102 тұрады. Арнаның филиалы саналатын радиостанцияларда желілік жарнамалар болады, бірақ жергілікті хабарламаны жариялауға желілік бағдарлама аясында нақты уақыт бөлінеді. Радиостанция атауы (Идентификация) Федералды коммуникация комиссиясының талабына сәйкес, радиостанция атауы станцияның шақыру белгілерінен, шыққан қаласының атауынан немесе негізгі қызмет көрсету ауданы болып табылатын ірі қаланың атауынан (соңғы шарт – міндетті емес) құралуға тиіс. Кейбір радиостанциялар атауына станция жиілігін қосады, осылайша аудитория радио немесе телевизия арнасын есте оңай сақтайды. Қарапайым, тікелей радиостанция атауы мынадай болады: Сіз WNBC, 660, New York радиосын тыңдап отырсыз. Өзгелерден ерекшеленіп тұру үшін, көп радиостанциялар өз форматын наси- хаттау мақсатында атауына айқындаушы фраза қосады, ал телевизияда телеарна атауы суретпен бірге көрсетілуі мүмкін. Радиостанция атауы – радио үшін қо- ғаммен байланысты бейнелейтін тауар белгісі, ол әрі айқындап, әрі менмұнда- лап тұруға тиіс. Мысалы: Назарларыңызда – Американың нөмірі бірінші музыкалық радио- станциясы – Wbbb-FM , Нью-Йорк. CBS телевизиясының атауы тұтас арнаны және филиалдарын мінсіз етіп бейнелейді. ВИДЕО АУДИО Екінші арнаның «Көзі» Екінші арна, CBS (Си-би-эс), Нью-Йоркті көз жазбай, қа- рай отырыңыз. Кейбір радиостанциялар өз атауын жарнамалау үшін музыка не саунд эф- фект пайдаланады. Мәселен, KFOG , Сан-Франциско радиосы дабыл дыбысын қолданды. WGLD, High Point, Солтүстік Каролина радиосы өз атауында формат, әсем музыка мен «алтын» дейтін негізгі жарнамалық сөзі арасында айқындаушы белгі қалыптастырған. Төмендегі екі атаудың біріншісі – әуе толқынына жаңадан қосылған немесе анда-санда қосылатын тыңдаушының есіне радионың форма- тын салып өтеді; екіншісі – мұндай міндет атқармайды. Әсем әуенмен тербетіп отырған алтын FM-100... WGLD, High Point. FM-100 -де, бұл алтын... WGLD-FM, High Point радиосы. Кейбір атауларда ақылы жарнама бірге жүреді, мысалы: «Бұл Soporific Watch сағатының тілі көрсеткендей, күндізгі сағат 4-те эфирге шығатын WRLH радиосы. Білекке тағатын қоңыраулы сағатқа – күн мен күнтізбеге – жиырма бір асыл тасқа қараңыз, көзіңіз нұрланады».
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==