Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
101 Жарнама мен хабарлама лесімді тепе-теңдігін ұстауға мүмкіндік береді», – деп жазған беймәлім жарнама авторымен тең болуы керек. «Біз деп отырғанымыз – олар» екенін сезіп тұрсаңыз, көрерменді ақымақ көру, алдап, айналып өту қиын, мұнда тек өз-өзіңізді алдап тұрғаныңызды түсініңіз». ЖАРНАМА МЕН ХАБАРЛАМАНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ, ОРНАЛАСУЫ Жарнама әдетте 30 немесе 60 секундқа созылады. Жарнама уақыты мен про- дакшн шығындардың ұлғаюына қарай, 30 секундтық кеңістіктегі екі 15 секундтық жарнамадан тұратын «қақ бөлінген 30 секунд» кең тарала бастады, кейіннен 15 секундтық дербес хабарлама танымал болды. Сондай-ақ хабар таратпайтын ме- диада роликтің 10 секундтық, 20 секундтық, 90 секундтық, 2 минуттық, тіпті одан көп түрін кезіктіре аласыз. Әлеуметтік хабарламаға (немесе PSA деп аталады) ақы төленбейді, бірақ бір- дей уақыт ұзақтығымен 30 секунд және 60 секунд көрсетіледі. Олар әдетте стан- ция өзінің барлық жарнамалық уақыт сегментін сатып үлгермеген кезде ғана эфирден беріледі. Осы себепті коммерциялық емес ұйым атынан немесе соған арнап шығарылатын көптеген әлеуметтік жарнамалар кеңінен қамтылу үшін ра- диостанцияға уақыт ұзақтығы, екі немесе одан да көп жарнама нұсқалары жібе- ріледі. Радиостанция промо-роликтерінің уақыт ұзақтығы бірдей. Радиостанция атауы (шақыру белгілерінен, логотип , қала атауының әріптерінен, кейде станция туралы айқындаушы немесе жарнамалық сөз орамынан тұратын станция атауы) әдетте радиостанция үзілісіне бөлінген 10 секундты құрайды, олардың көбісі өте креативті жасалады. Кейде станция атауында жарнама қосылып жүреді, яғни екі секунд радиостанция атауына, қалған сегіз секунд ақылы жарнамаға беріледі. Көптеген копирайтер осы уақыт сегментіне қанша сөз кіретінін анықтау үшін сөз есептеу шкаласын пайдаланады. Мұндай есептеу радио үшін дәл келуі мүм- кін, ал телевизияда дұрыс шамалау үшін естуге емес, көруге арналған материал қосылуға тиіс. Бұған қоса, жеке сөздердің ұзындығы, идеялардың күрделілігі, пауза және дауыс қарқынын құбылту арқылы екпін түсіру қажеттілігі, сондай-ақ хабарламаны оқыған орындаушының болмысы – белгіленген уақыт аралығында әсерлі айтылатын сөз санына әсер етеді. Жалпы алғанда: 10 секундтық хабарлама – 25 сөзден; 20 секундтық хабарлама – 45 сөзден; 30 секундтық ролик – 65 сөзден, 45 секундтық ролик – 100-ге жуық сөз- ден; 60 секундтық хабарлама – 125 сөзден; 90 секундтық хабарлама – 190 сөзден; және екі минуттық ролик – 250-ге жуық сөзден құралады. Радиостанциядағы үзілісте дыбысталатын атау – әрбір жарты сағатта және бір сағаттың ішіндегі жарты сағат сайын беріледі. Жарнама, әлеуметтік хабарлама (PSA), промо-роликтерді қоса алғанда, басқа да хабарлама түрлері бағдарлама арасындағы бос уақытқа байланысты ұсынылады. Бос уақыт бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін жалғасуы мүмкін. Бағдарлама ұзақтығы әдетте жарты са- ғатқа немесе толық бір сағатқа, ал кейде 15 минутқа созылады. Көптеген хабарлама, бағдарламаның басы мен соңын қоса алғанда, логикалық үзіліс бойынша топтастырылғанымен, жарнамалық бағдарламалардың көбінде қосарласқан жарнамалық үзілістер болады, кейбірі жартысағаттық бағдарлама- ның дәл ортасында, бір сағаттық шоулардың үштен бір бөлігі және үштен екі бө- лігі өткенде қосылады. Әлбетте, рейтингі жоғары бағдарламада жарнамалық ро- ликтер көп көрсетіледі, ал фильмдер бірнеше минут сайын жарнамамен үзіліп
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==