Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

99 Жарнама мен хабарлама тегжейлі пікір ұсынады. Бір кездері коммерциялық хабар таратуға балама санал- ған кабельдік телевизия, енді жарнаманың берік бекінісіне айналды. Жарнамасы жоқ баламаның бірі – ақылы телевизия (pay-per-view television). Алайда сырт көз- дің пікірінше, ақылы телевизия операторлары бағдарлама арасына жарнама қо- судан түсетін мол табыстан бас тартуға, енді төтеп бере алмайтын сыңайлы. Ин- тернетте жарнамалау үрдісі қарыштап келеді. Интернет эфирлік және кабельдік телевизия сияқты коммерциялық сипатқа ие болды. Бұл тараудың атауы – «Жарнама мен хабарлама». «Жарнама» (commercial) сөзінің мәні айқын болғанымен, «хабарлама» (announcement) сөзі кейде адам- ды шатыстырады. «Хабарлама» – ойын-сауыққа, жаңалыққа жатпайтын шағын тұсаукесерді, оның ішінде жарнаманы эфирде хабарлау. Әдетте бұл коммер- циялық емес хабарлама үшін пайдаланылады, ал «ролик» (spot) сөзі көбіне жар- наманы білдіреді. Хабарламаның құрылымы, пішіні және ұзақтығы жарнамамен бірдей. Жал- пы, хабарлама екі санатқа бөлінеді: (1) промо-ролик және; (2) әлеуметтік хабар- лама ( PSA – public service announcements). Жарнама пайда түсіруді көздеген жар- намашының қалауымен өнімді не қызметті сату үшін жасалады. Промо-ролик көбінесе радиостанцияның өзін жарнамалайды: бұл кезегімен шығатын бағдар- лама немесе сериялар топтамасы, радиостанцияның белгілі тұлғасы, тыңдарман сайысы – бұқараның көңілін аулауға немесе өзге де жолмен радиостанцияны қолдауға итермелейтін кез келген дүние болуы мүмкін. Әлеуметтік хабарлама (PSA) коммерциялық жарнамаға ұқсас, бірақ өнімді немесе қызметті ақшаға сатпайды, ол коммерциялық емес ұйым, немесе қызмет атынан жасалады, идея және саясатты насихаттайды. Негізінен, әлеуметтік ха- барлама (PSA): америкалық онкология қоғамының темекі шегуге қарсы науқаны, азаматтық топтардың қоршаған ортаны ластауға қарсы күресі, тұрмысы төмен отбасылар, үшін Рождестволық ойыншықтарға қаражат жинау, үйсіздерге бас- пана салуды қолдау, ЖИТС (AIDS) туралы білу және оның алдын алу, жергілікті орта мектепте қол өнімдерін сату немесе жергілікті үкіметтік мекемелер ұсынған әлеуметтік қызметтер туралы ақпарат беру сияқты коммерциялық емес топтар- дың қызметін қолдауға ұмтылады. 85-беттің жоғарғы жағында радиостанцияның өзі тікелей қатысатын насихат үлгісіндегі әлеуметтік хабарлама (PSA) мысалы келтірілген. «Walk for Housing» – 20 секунд ВИДЕО АУДИО Баспанасыздарға арналған үйдің алдында тізілген жұртты (ер, әйел, бала-шаға) панорамамен жылжытып түсіру. КАДРДАН ТЫС МӘТІН ЖӘНЕ МУЗЫКА ҚАЛАМЫЗДАҒЫ МЫҢДАҒАН АДАМ БАСПАНАСЫЗДАР МҰҢЫН КЕШІП ЖҮР, ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРІН ТАНИТЫН ДА ШЫҒАРСЫЗ. ҚАРЫЗҒА ТІГІЛГЕН ҮЙДІ ӨНДІРІП АЛУДЫ ТОҚТАТА АЛМАСПЫЗ, БІРАҚ БАСПАНА ТАБУҒА КӨМЕКТЕСЕ АЛАМЫЗ. Кадрды графикаға микстеу. ДӘЛ ОСЫ WHLR РАДИОСТАНЦИЯСЫНА ҚОСЫЛЫҢЫЗ, ҮШІНШІ МАМЫР КҮНІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҮШІН ЖАЯУ ШЕРУЛЕТУГЕ ДЕМЕУШІЛІК КӨРСЕТЕМІЗ. ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН WWW.WLHR.COM -ГЕ ... КІРІҢІЗ

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==