шеткі жүйке талшықтарының алмасу процестерінде маңыз- ды рел атқарады. Сондыктан оның тағамда жетіспеушілігі ең алдымен жүйке ұлпасының қызметінің бүзылуына, содан кейін оның азғындалуына алып келеді. В, дэрумені сондай-ақ азот алмасуына және аз мөлшерде май жэне минералдар алмасуына қатысады. В( дэруменіне деген адамның қажеттілігі дене жүк- темесі жэне жүйке күштенуі кезінде арта түседі. В, дәрумені- не деген тэуліктік қажеттілік дені сау 40 жаска дейінгі адамда 1,4-2,4 мг, әйелдерде - 1,4-1,9 мг (егде жастағыларда нормалары біршама төмен), балаларда - 0,5-2,0, спортшыларда - 6-8 мг-ды кұрайды. Қабылдаудың тэуліктік нормалары сондай-ак сыртқы температура жоғарылау кезінде (термен жоғалтуға байланысты), суықта жүмыс істеген кезде жэне көмірсуларды айтарлықтай тұтыну жағдайында олардың ыдырау процесін камтамасыз ету үшін артады. Негізгі тағамдық көзі: дәнді дақылдар жэне нан өнімдері (қара бидай наны жэне ірі тартылған бидай наны), бұршақтар (ас бүршақ, үрме бұршак), қаракұмық жэне сұлы жармасы, сыра ашытқысы, бауыр, бүйрек. В, дәрумені (рибофлавин) адам ағзасында негізгі тотығу- тотыксыздану реакцияларына (май қышқылдарын тотықты- руға) катысады, бала ағзасының өсуі мен дамуына ыкпал ете- ді, жарықты жэне түстік көруді қамтамасыз етеді. Бұл дәрумен биологиялық тотығу процесінде маңызды рөл аткаратын фер- менттердің қүрамына кіреді. Ол өсу мен ұлпалардың калпына келуіне жағдай жасайды, гемоглобин синтезіне катысады. Тағамда оның жетіспеушілігі кезінде тотығу-тотыксыздану, келтіру процестерінің қарқыны төмендейді, тамактағы акуызды пайдалану, майлардың сіңірілуі нашарлайды, салмак азаяды, әл- сіздік пайда болады, дененің жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, көру қабілеті бұзылады. Рибофлавиннің негізгі тағамдық қайнар көзі: сыра ашытқысы, жұмыртка, ірімшік, сүзбе, сүт, қаракүмык жармасы, бүршактар, ірі тартылған бидай наны, бауыр, бүйрек. Ересек дені сау адамның В, дәруменіне деген тэуліктік қажеттілігі 1,9-3,0 мг, балаларда - 1,0-3,0, спортшыларда - 6-8 мг-ды кұрайды.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==