Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

Дене жаттығуларын орындаған кезде дәрумендерді шығын- дау жоғары, сондықтан спортшылардың қуат кұндылығы мен акуыздардың, майлар мен көмірсулардың мөлшері бойынша теңдестірілген тамак рационында, эсіресе төзімділікке жаттык- тыратын спорт түрлерінде дәрумендер жетіспеуі қыс жэне кок- тем мезгілдерінде болады (қаңтар - сәуір). Тапшылықтың орнын толтыру үшін дәрумендердің таблетка түріндегі препараттарын колданған тиімді. Әсіресе ауыр, қарқынды жаттығулар кезінде, жаңа жағдай- ларға бейімделу кезеңінде, мысалы, орта тау жерлерге барғанда, жарыстар кезінде дәрумендер тапшылығын қалпына келтіруді мүкият бақылау кажет. Сдәрумені (аскорбин қыіиқылы). Бүл дәруменнің адам ағзасы- ның өмір тіршілігінде маңызы көп жакты. Ол проколлаген син- тезіне жэне ағзаның түрлі үлпаларындағы тірек құрылымдары- ның рөлін орындайтын оның коллагенге ауысуына, оның ішін- де капиллярлардың өткізгіштігін қалпына келтіруге қатысады. Аскорбин кышқылы аралык алмасудың тотықпаған өнімдеріне ықпал етіп жоғары тотығу реакциялары белсенділігіне ие. С дэрумені адам ағзасында жекелеген ферменттер мен гор- мондардың қызметін жылдамдатады, аминқышкылдарының сі- ңірілуін жаксартады, кан түзу процесін, лейкоциттердің фаго- цитарлық белсенділігін ынталандырады, антиденелерді өндіруге ықпал етеді, соның аркасында ағзаның жұкпаларға төтеп беру касиеті күшейеді. Адам ағзасы С дэруменін синтездеуге кабілетсіз, сондықтан оны күнделікті тамақпен бірге кабылдау қажет. Бүл дәрумен болмаған жағдайда қырқүлак ауруы дамиды. С дәруменіне деген тэуліктік кажеттілік 40 жастағы ер адам- дар үшін 50-100 мг құрайды, әйелдер үшін 65-85 дене жұмысы- ның ауырлығына байланысты, балалар үшін 30-70 мг. С дәруменіне деген кажеттілік біршама психикалық жүктеме, ауыр дене жүмысы кезінде, ыстык жэне суық климат жағдайын- да артады. Спортшыларға дененің жұмыс қабілеттілігін арттыру жэне калпына келтіру процестерін жылдамдату үшін, сондай-ақ

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==