Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

Қалыпты дене салмағында майлар мөлшері күндізгі рационный 30 %-ын толтыруы тиіс, бүл дене салмағының 1 кг-на 1,3- 1,5 г сэйкес келеді. Артык дене салмағы бар адамдарға бұл нормаларды екі есе азайтқан дұрыс, төзімділікті жоғарылататын бағытта жаттығатын спортшыларға аукымды жаттығулар кезінде майлар мөлшері жалпы тэуліктік калориялык кұндылығы 35 %-ға дейін көбейтіледі (24-кестені караңыз). Көмірсулар - барлық ағзалардың кұрамына кіретін Жер ғаламшарындағы органикалык қосылыстардың едэуір кең тара- ған аукымды класы. Көмірсулар жэне олардың туындылары қуат жеткізушінің құрылымдык жэне күрылыс материалы болып табылады, біркатар биохимиялык процестерді реттейді. ДДСҰ жіктемесі бойынша көмірсулар адам ағзасына сіңірілетін жэне сіңірілмейтін көмірсулар болып бөлінеді. Сіңірілмейтін кө- мірсулар балластык заттар деп аталатын топты - ас қорытудың қалыпты реттелуін сактауда маңызды рөл атқаратын тағамдык талшыктар тобын кұрайды. Көмірсулардың жануы кезіндегі жы- лудың орташа көлемі - 4,1 ккал/г. Тағамның баска заттарымен өзара әрекеттесе отырып, көмірсулар ағзаға олардың қолжетімді- лігіне жэне ағзаның осы заттарға деген кажеттілігіне ыкпал етеді, мысалы, көмірсулардың ақуыз сактаушы эсері. Көмірсулар амин- қышқылдарын қуат материал ретінде пайдалануға кедергі жасай отырып жэне инсулин аркылы аминкышкылдарды акуыз синтезі үшін пайдалануды күшейте отырып, адам ағзасының ақуызға деген қажеттілігін азайтады. 24-кесте Ересек адамдардын түрлі топтарына арналған майлы тамактану нормативтері (В.А. Покровский бойынша) Топ Майлар мөлшері, г/күн Ер адамдар Әйелдер барлығы оның ішінде жануарлар майы барлығы оның ішінде жануарлар майы Студенттер 113 68 96 58 Спортшылар жарыс кезінде 154-171 77-86 120-137 60-69, Жукті әйелдер - - 109 65 Баланы емізетін аналар - - 120 72

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==