Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

мыртка, бауыр) шамадан тыс шектеу дұрыс емес. Бұл белгілі бір аурулары бар адамдарға, ересек жэне егде жастағы адамдар үшін ғана ескеру кажет. Шығу тегіне карай барлык майлар толыкканды (жануар) жэне толыкканды емес (өсімдік) майлар болып бөлінеді. Жануар майларының негізгі көзі - сары май, олар кілегейде, каймакта, майлы сүтте, ірімшіктің майлы сұрыптарында, өсімдік майлары - күнбағыс, жүгері, зэйтүн майларында көп. Өсімдік майы Е дәрумені көптеп жұмсалатын спорт- шылардың тамағындағы міндетті компонент болуы тиіс; ол май алмасуы үшін қажет, себебі атеросклероздың дамуын бол- дырмай, кандағы акуызды-май компоненттерін катыпка келті- реді. Майларды корыту мен сіңіру адам ағзасында бауыр мен ұйкы безі синтездейтін ферменттердің катысуымен ішектерде, сондай- ак ішектердің кабырғасында жүреді. Майлар - біркелкі каркын- дылыктағы дене жүмыстары кезінде адам үшін негізгі куат кө- зі. ¥зақка созылған майсыз диета адамның кызметтік жағдайы- ның айтарлыктай бүзылуына алып келеді. Бірак жануарлардан алынатын майлар, оларды шамадан артык колдану ең ауыр аурулардың бірі - атеросклероздың дамуы мен жылдамдауын туындата отырып, адам денсаулығына аса үлкен зиян келті- руі мүмкін. Сондықтан тамақтану гигиенистері халыктың түр- лі топтарына (жастык, жыныстык, кэсіби, түрлі климаттык географиялык аймактардың түрғын халкы) арналған майды тұ- тыну нормативтерін жасады. Майларды тэуліктік тұтынудың физиологиялық-гигие- налық нормалары. Нормалары негізінен акуыздарға арналған нормаларға ұксас: 1 г ақуызға шамамен 1 г май сәйкес келуі тиіс. Көбінесе ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін майды түты- нудың тэуліктік нормасы ер адамдар үшін 84-90 г, дене еңбегімен айналысатын адамдар үшін 103-145 г; әйелдер үшін - сәйкесін- ше 70-77 жэне 81-102 г. Бұл ретте жалпы тұтынылатын майдың шамамен 70 %-ын жануарлардан алынатын майлар кұрауы тиіс (24, 25-кестелер).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==