Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

шартты-рефлекстік кызметтің жэне ішкі тежелу процестерінің бұзылуы; иммунитет деңгейінің төмендеуі; алиментарлык дистрофия секілді патологиялық жағдайлар дамуы мүмкін. Ақуыздар көміртектен, оттегі, сутек, фосфор, күкірт аминқышқылдардың - ақуыздың негізгі кұрылымдык компонентінің қүрамына кіре- тін азоттан тұрады. Акуыздар аминқышкылдар мөлшерінің дең- гейіне жэне олардың байланысу кезектілігіне карай бөлінеді. Ақуыздар жануартекті жэне өсімдіктекті болады. Майлар мен көмірсуларға Караганда акуыздар көміртек, сутек жэне оттегімен бірге 16 % азоттан түрады. Сондықтан оларды азоттан тұратын тағамдық заттар деп атайды. Ақуыздар жануарлар ағзасына дайын түрінде кажет, себебі олар өсімдік- тер секілді оны топырак пен ауаның бейорганикалык заттарынан синтездей алмайды. Адам үшін ақуыздың кайнар көзі жануарлар мен өсімдіктерден алынатын тағамдык заттар болып табылады. Ақуыздар ең алдымен құрылыс материал ретінде кажет, бұл олардың негізгі қызметі: олар жалпы ағзаның тығыз калдығының 45 %-ын кұрайды. Сондай-ак акуыздар жоғары реактивтілікке ие бола оты- рып, гормондардың, эритроциттердің, кейбір антиденелердің кү- рамына да кіреді. Өмір сүру барысында жекелеген жасуша кұрылымдары- ның тұракты «картаюы» мен өлуі болып түрады жэне тамақтың ақуыздары олардың калпына келуі үшін қүрылыс материалы болып табылады. Ағзадағы 1 г акуыздың тотығуы 4,1 ккал куат береді. Оның қуаттык кызметі де осыдан тұрады. Ақуыздар адамның жоғарғы дәрежелі жүйке кызметі үшін үлкен маңызды рөл атқарады. Тамактағы ақуыздың калыпты мөлшері мидың жарты шарының қыртысының реттеуші кызметін жақсартады, орталык жүйке жүйесінің сергектілігін арттырады. Тамакта ақуыз жетіспеген кезде біркатар патологиялык өзгерістер пайда болады: ағзаның өсуі мен дамуы бәсеңдейді, салмак азаяды; гормондардың түзілуі бүзылады; ағзаның жұқ- палар мен улануларға реактивтілігі мен түрактылығы төмен- дейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==