Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

- мөлшері белгілі бір аракатынаста болуы тиіс түрлі тағамдык заттардың мөлшері бойынша теңдестірілген болуы; - ағзаның ферменттік мөлшеріне сэйкес келуі; - кауіпсіз болуы (кұрамында улы заттар мен патогендік бак- териялар болмауы) тиіс. Акуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттардың физиологиялык рөлі мен гигиеналық манызы Акуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер - адам рацио- нындағы негізгі тағамдық заттар. Тағамдық заттар деп ағза үшін оның биологиялык дамуына, барлык өмірлік маңызды процесте- рінің калыпты жүруі үшін кажетті химиялык косылыстар немесе жекелеген элементтерді атайды. Ақуыздар - жоғары молекулярлык азоттық косылыстар, барлык ағзалар үшін кажетті негізгі бөлігі. Акуыздык заттар барлык өмірлік маңызды процестерге катысады. Мысалы, зат алмасу өзінің табиғаты бойынша акуыздарға жататын ферменттермен қамтамасыз етіледі. Ақуыздар бүлшык еттердің жиырылу кызме- тін орындау үшін кажетті жиырылу қүрылымдары (актомиозин); ағзаның тірек ұлпалары - сүйектердің, сіңірлердің, шеміршектер- дің коллагені; ағзаның жабынды үлпалары - тері, тырнақ, шаш болып табылады. Көптеген тағамдық заттардың ішінде акуыздарға айтарлык- тай ерекше рөл берілген. Олар алмаспайтын аминқышкылдардың жэне акуыздардың синтезі үшін кажетті айрыкша емес азоттың көзі болып табылады. Денсаулыктың күйі, дене дамуы, дененің жүмыска қабілеттілігі, ал балалар үшін психикалык жағынан дамуы ақуызмен камтылу деңгейіне көп мөлшерде байланысты болады. Тағам рационында ақуыздардың жеткілікті болуы және оның жоғары сапасы өсу, даму, адамның калыпты өмір тірші- лігі жэне оньщ жүмыс кабілеттілігі үшін кажетті ағзаның ішкі ортасының тиімді жағдайын калыптастыруга мүмкіндік береді. Ақуыз жетіспеушілігінің эсерінен ісіну жэне бауырды май ба- суы, ішкі секреция мүшелерінің, эсіресе жыныс бездерінің, буй- рекуст! безі мен гипофиздің кызметтік жағдайының бұзылуы;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==